Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Б. Төкежанов: Қор нақты көрсетілмеген 3,8 мың қызметті анықтады
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 203,6 мың ақауларды анықтады, айыппұлдарды есепке алғанда 3,5 млрд теңге сомасын құрады, деп мәлімдеді брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов.
Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдай жалған есеп деп аталатын көрсетілмеген қызметтерді құрайды.
Сондай – ақ, Болат Төкежанов медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі жаңа енгізілімі туралы айтып берді. Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген.
«Бұл жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Төкежанов.
1 тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған Қор сарапшыларының негізгі ескертулері: ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі, диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы.
«Жалпы, 610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақауы анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдар үшін жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың «қатал» тәжірибесі жойылды, бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермей жүргендігі анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаудың тек 10,4 мың ақауы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды», - деп атап өтті Төкежанов.
Ақпарат көзі