03.04.2018

Биылғы наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд теңгені құрады.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд теңге көлемінде қаржы аударылған.

Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz