09.09.2019

2019 жылдың 1-31 тамызы аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 9,3 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 тамызы аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 205,1 млрд теңгені құрады.

Оның 196,2 млрд теңгесі (шамамен 95,6%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (4,4% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

Ақпарат көзі

www.msqory.kz