24.02.2020
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Сараптамалық кеңесінің жұмыс тобының кезекті отырысында патологоанатомиялық қызметті қаржыландыру мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында қазіргі уақытта патологоанатомиялық қызметтерді қаржыландыруда белгілі бір жетпеушіліктер бары айтылды. Мысал ретінде Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының қызметі қарастырылды.

Қор мен патологоанатомиялық бюролар арасында тікелей келісім-шарттар жасасу арқылы патологоанатомиялық диагностика қызметін қаржыландыру тетігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтер мен төлемдерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша түрлі ұсыныстарды қарады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz