18.05.2020

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды.

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді.

«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі».

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтеміз.

Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:

  • COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
  • ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
  • КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
  • стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
  • тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
  • шетелден келгендер;
  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
  •  және жүкті әйелдер т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

  • үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды; - арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
  • әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, оператоы ӘМСҚ болып табылатын, COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс – шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге-35,8 млрд теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) - 5,4 млрд теңге.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz