Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көлемі қысқаруда
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.
Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
«Қабылданған шектеу іс-шаралары – төтенше жағдай, карантин және дәрігерлердің өзін-өзі бақылау бойынша ұсынымдары салдарынан сәуір айында медициналық көмектің жекелеген түрлерінің 50% - ға төмендегенін көріп отырмыз. Мамыр айында 40% – ға және маусым айында 30% - ға кему күтілуде. Яғни екінші тоқсан бойынша шамамен баға – орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады», – деді.
Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, консультациялық-диагностикалық қызметтерді, медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі болжануда.
«Біздің болжамымыз бойынша, медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру есебінен қалпына келтіріледі деп күтеміз», - деді Айбатыр Жұмағұлов. (Ескерт. – бұл жерде Қор ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтер үшін төлейтін тарифтер айтылған, ол халыққа әсер етпейді).
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс онлайн-отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары және журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.
Ақпарат көзі