Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының "Құпия пациент" акциясы МӘМС жүйесі жайлы жақсы білетін өңірлерді анықтады
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тамыз айында ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйымда «Құпия пациент» акциясын өткізді.
Қор «Шілде айында медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, медициналық ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартатыны туралы, тіпті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне кіретін және Қазақстанда тұратын әрбір адамға қолжетімді екендігі туралы халықтың шағымдары жиілеп кеткенін» атап өтті. Сондықтан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу орны мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК пакетіне кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдеріне мониторинг жүргізуге бастама жасады. Акция филиалдардың арнайы дайындалған сарапшыларымен медициналық ұйымдарға қоңырау шалу арқылы өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша Жамбыл (78,3%), Павлодар (78%) және Ақтөбе (78%) облыстарының медицина қызметкерлері ең жоғары білім деңгейін көрсетті.
Маңғыстау облысында ең нашар жағдай - бұл көрсеткіш небәрі 27,7% құрады. Сондай - ақ аутсайдер үштігінде Алматы облысы - 46,4% және Алматы қаласы-49%. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Біз үшін пациенттерге қажетті медициналық қызметті алудан заңсыз бас тарту санын азайту, медициналық ұйымдардағы меициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, пациенттерді толыққанды кеңестермен қамтамасыз ету маңызды. Нәтижелер медицина қызметкерлерінің білімін күшейту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қандай да бір жазалау шаралары үшін емес, медицина қызметкерлерін атаулы оқытуға негіз болады» деп атап өтті.
Сарапшылардың жиі ескертулерінің ішінде: кейбір медицина қызметкерлерінің МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы айырмашылықтарды анық түсінбеуі, жарналар мен аударымдарға қатысты дұрыс емес жауаптар, төлем тәсілдері, дербес төлеуші мен БЖТ төлеуші арасындағы төлем айырмашылықтарын түсінбеуі, сақтандырудың мәртебесі және ол болмаған кезде медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы.
Қор «Біз зерттеу нәтижелерін алдық және әр аймақ бойынша талдау жасадық. Жобаның арқасында біз жағдай мен пациенттің көзімен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауға тырыстық. Содан кейін қордың медициналық қызметкерлерге арналған барлық оқыту іс – шаралары әр өңір үшін ескертулерді ескере отырып түзетіледі» - деп атап өтті.
Ақпарат көзі