Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Үкімет шараларының арқасында 740 мыңға жуық «шығарылған» азамат МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне ие болды
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Қазақстан Үкіметі ТЖ жағдайында медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектері қалыптасқан халықтың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамаларына қолдау көрсетті.
«Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп түскен өтініштерге талдау жасадық және азаматтардың сақтандырылған мәртебесінің болмауының негізгі себептерін анықтадық. Қазақстандықтардың бір бөлігі қатаң карантин мен төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мүмкіндігінен айрылды, оларға медициналық көмекке қол жеткізу үшін қолдау қажет болды. Қор Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Үкіметі қолдаған осындай ұсыныстарды әзірледі», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов атап өтті.
Талдау көрсеткендей, «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін жеңілдікті санаттағы өкілдермен БЖТ төленуі болды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер оларды автоматты түрде БЖТ төлеушілер санатына ауыстырды. Тиісінше, олар Saqtandyry базасында жеңілдетілген санаттардан «шығарылды». Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер туындаған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесінен тыс қалды.
Осыған байланысты, Үкімет келесі шараларды қолдады:
«Бұл шаралар медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды. Бұл санаттарды қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде және үкімет шараларының арқасында сақтандырылғандар саны әлі де арта түседі. Осылайша, коронавирустық пандемияға байланысты табысынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайтарылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады», – деп Қор басшысы атап өтті.
Мәртебені алу үшін азаматтарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады.
Сондай-ақ, Қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтандырылған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл 800 мыңнан астам жұмыскерге әсер етеді.
Сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Play Market және App Store-да орнатуға болатын Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.
Ақпарат көзі