Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартуға жол жоқ – Төкежанов
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, азаматтарға ТМККК пакеті бойынша тегін медициналық қызмет көрсетіледі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
«Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек алуға құқылы, одан ешбір медициналық ұйым бас тартпау керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте мұқият қараймыз», - деді Б. Төкежанов.
Ол ТМККК негізінде әрбір адам үшін медициналық көмектің қажетті көлемі қамтамасыз етілетінін еске салды. ТМККК-і медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, шұғыл стационарлық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрін қамтиды. Мысалы, жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр пациентті МӘМС жүйесінде сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан қабылдайды.
«Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша да жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті. Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді», - деді Қор басшысы.
Сонымен қатар, сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. Пациенттердің жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді.
«Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар енді қалыпты режимге оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде», - деп атап өтті Төкежанов.
Ақпарат көзі