Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққан пациенттерді оңалту емі - ӘМСҚ
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Коронавирус инфекциясымен және орташа ауыр, ауыр және аса ауыр пневмониямен ауырып жазылған қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өтеді. Бұл азаматтардың үйде немесе ауруханада емделгеніне байланысты емес. Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» тиісті бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
«Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген», - деді Төкежанов.
Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.
«Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі). Өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационар деңгейінде 2 кезеңдегі оңалтуға жатады, кейіннен 3 кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ/пневмонияға шалдыққан пациенттер тәуліктік стационар деңгейінде, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде 3 кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтарға 3 кезеңді оңалту қарастырылған. Әрине, олар да мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек», - деді ол.
Төкежанов қазірдің өзінде коронавирус инфекциясы мен пневмониямен ауыратын науқастарды ерте оңалту ауруханада емделу кезінде «Коронавирус инфекциясы - COVID-19» клиникалық хаттамасының 10-редакциясына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
Жалпы, оңалту қызметтерін көрсету үшін биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен 46,7 млрд теңгеге шарт жасасты. Олардың қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.
«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бекітілгеннен кейін, Қор коронавирус немесе пневмониядан жазылып шыққан, медициналық оңалтуға мұқтаж сақтандырылған пациенттердің емін қаржыландыруға дайын», - деді Басқарма төрағасы.
Ақпарат көзі