Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
ӘМСҚ коронавирус және пневмонияға қарсы күрес шараларына 159 млрд. теңге бөлді - Медициналық сақтандыру қорының басшысы
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды 159 млрд. астам теңгеге қаржыландыруды көздеп отыр, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
«Коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты ТМККК және МӘМС пакеттеріне өзгерістер енгізілді. COVID -19 шалдыққан пациенттерге және COVID-19 күдікті жағдайда мобильді бригада мен стационарлық қызмет үйде көрсетіледі. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық қазақстандыққа арналған. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМККК пакетінде «байланыста болған адамдарды, бактерия мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау бойынша» қызметтер көзделген», - деді Төкежанов.
Осылайша, бұл өзгерістер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді, -деді ол. Бұл әсіресе күзде инфекцияның ықтимал екінші толқына кезінде өзекті.
«Қазір Қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды қарыландыру үшін 159 млрд. астам теңге қарастырылған. Оның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге – 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға - 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге – 4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге – 0,4 млрд. теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР- ға - 10 млрд теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 млрд теңге беріледі», - деп нақтылады Басқарма төрағасы.
Наурыздан шілдеге дейін Қор 36,9 млрд теңгені емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына төледі. Оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 500 мыңға жуық ПТР-тест жасалды. Инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға 31 млрд. астам теңге жұмсалды. Құрылған мобильді бригадалар шілде айында шақырған 43 мың үйге барған.
Жыл соңына дейін пациенттерге коронавирусқа қарсы шамамен 2 млн. ПТР-зерттеу жүргізу, оның ішінде стационарларда 600 мыңға жуық, амбулаториялық - 1,4 млн. астам тест жасау жоспарланған.
Ақпарат көзі