20.11.2017

Қараша айының 1-і мен 16-сы аралығында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 2,2 млрд теңгеге жуық жарна аударылды.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 1 шілде мен 16 қараша аралығында түскен түсімдердің жалпы көлемі 20,7 млрд теңгеден асып жығылды.

Оның ішінде, 16,7 млрд теңге (81%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 4 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 19%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz