13.11.2017

Қарашаның 1-і мен 9-ы аралығында 1,1 млрд теңге көлемінде міндетті медициналық сақтандыру жарнасы аударылды.

Жүйе іске қосылған шілде айынан бастап 9 қарашаға дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына түскен аударымдар мен жарна мөлшері 19,6 млрд теңгеден асқан.

Түскен түсімдердің 15,9 млрд теңгесі (81% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлеріне аударған аударымдары болса, қалған 3,8 млрд теңге (19% жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеуден Алматы мен Астана қалалары сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары алда келеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz