07.11.2017

Қарашаның алғашқы аптасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 625 млн теңгеге жуық жарна түсті.


Қордың ҚР Ұлттық банкіндегі шотына түскен қаржының жалпы көлемі 19,2 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, 15,5 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары болса, 3,7 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.


Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz