11.09.2017

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер қыркүйек айының алғашқы аптасында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на 7,2 млрд теңгеден астам жарна (аударым) аударды.

Оның 5,7 млрд теңгесі (жалпы соманың 79%) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 1,5 млрд теңге (21% жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардың жарналары.

Жарналар мен аударымдарды төлеу жағынан бұрынғыша Астана мен Алматы қалалары, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

 

Естеріңізге сала кетсек, 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын аударуға кіріскен болатын.  

Ақпарат көзі

www.msqory.kz