Вернуться к списку
30.03.2026
МӘМС МЕДИЦИНАНЫ ҚАЛАЙ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТЕДІ: ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШЫНАЙЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Система обязательного социального медицинского страхования продолжает расширять доступ казахстанцев к высокотехнологичной медицинской помощи – от сложнейших кардиохирургических вмешательств у новорожденных до роботизированного эндопротезирования суставов. Мы собрали топ сложных операций, проведенных в рамках ОСМС в марте этого года.

В Актау провели имплантацию стент-графта при аневризме аорты

В одной из клиник Актау прошел мастер-класс с участием приглашенного сосудистого хирурга из Алматы Султана Илиева. В ходе вмешательства была выполнена высокотехнологичная операция – имплантация стент-графта в брюшную аорту.

У пациента диагностирована аневризма брюшной аорты – серьезная патология, характеризующаяся расширением и истончением стенки сосуда, что представляет прямую угрозу жизни. Три модуля стент-графта полностью изолировали аневризму от кровотока, предотвращая риск разрыва. Проведение таких вмешательств позволяет своевременно предотвращать жизнеугрожающие осложнения и сохранять жизнь пациентов.

В Талгаре врачи впервые провели операцию по замене сустава с помощью робота 

Пациентка Айсулу Асамбаева приехала из Туркестанской области, чтобы решить проблему сильных болей в колене, которые мешали ходить. В международном научном центре травматологии и ортопедии Талгарского района ей провели уникальную операцию по эндопротезированию коленного сустава с помощью робота.

Робот-ассистент снижает риск хирургических ошибок, минимизирует кровопотерю и позволяет точно устанавливать имплант с учетом индивидуальной анатомии пациента. Стоимость операции – около 4 млн тенге, но благодаря системе ОСМС выполнена бесплатно. Первые операции проводятся совместно с международным инструктором из России, что позволяет передавать опыт отечественным специалистам.

В Караганде впервые провели сложную операцию на сердце трехмесячной девочке

В Многопрофильной больнице №2 Караганды (кардиоцентр) впервые проведена сложная операция на сердце трехмесячной пациентки.

История началась с обычного диагноза – пневмония. Однако во время обследования выявлена критическая коарктация аорты – врожденный порок сердца с резким сужением главного сосуда. Консилиум специалистов решил провести операцию в рамках мастер-класса с участием ведущих кардиохирургов страны. Из UMC Астаны прибыли кардиохирург Галымжан Утегенов и анестезиолог Хафиз Ахмеров.

Операция длилась около 5 часов: резекция коарктации аорты с наложением анастомоза «конец в конец» и выявление открытого артериального протока, который также был успешно ликвидирован. Это первая подобная операция, проведенная в стенах больницы – раньше таких пациентов направляли только в республиканские центры.

В Аральске широко применяются малоинвозивные операции

Житель сельского округа Жанакурылыс Бекболат Орынбасаров поступил с острыми болями. Диагностированы камни в желчном пузыре. Пациенту успешно выполнена лапароскопическая холецистэктомия – малоинвазивная операция с минимальным повреждением тканей.

Хирурги отмечают, что сегодня многие операции, ранее доступные лишь в областных центрах, выполняются на уровне районной больницы. Лапароскопические методы доказали высокую эффективность, снижают риск осложнений и сокращают период восстановления. Все процедуры проводятся в рамках ГОБМП и ОСМС. В 2026 году на оказание медпомощи районной больнице выделено 8,4 млрд тенге из средств ФСМС.

В Алматы провели 9 уникальных операций детям с патологиями конечностей

В Детской городской клинической больнице №2 Алматы проведены уникальные операции 9 детям с тяжелыми патологиями верхних и нижних конечностей.

Совместно с российским специалистом травматологи-ортопеды использовали методы пересадки лоскутов, устранения экзостозной косорукости, транспозиции сухожильно-мышечных структур при посттравматических нейропатиях, контрактуре Фолькмана и параличе Дюшена-Эрба.

Медицинская помощь оказана бесплатно в рамках ОСМС. В Казахстане часто встречаются случаи синдрома сдавления (компартмент-синдром), при котором отек повышает давление на сосуды и нервы, что может привести к частичному или полному некрозу мышц и нервов, а впоследствии – к инвалидизации.

В ВКО провели уникальную операцию пациенту с невыявленным пороком сердца

Врачи провели сложнейшую кардиохирургическую операцию 68-летнему жителю Тарбагатайского района, у которого ранее не был выявлен врожденный порок сердца.

После резкого ухудшения состояния и давления до 240 мм рт. ст. выявлены врожденный порок сердца, аневризма восходящего отдела аорты, двухстворчатый аортальный клапан и ишемическая болезнь сердца. Операция длилась около 8 часов и включала несколько высокотехнологичных вмешательств, устранив сразу несколько жизнеугрожающих патологий. Выполнено в рамках ОСМС.

Павлодарские врачи провели сложную операцию на позвоночнике

Жителю Успенского района Сергею Кименжеру провели операцию на позвоночнике в Павлодарской городской больнице №1. Мужчина много лет занимался тяжелым физическим трудом, из-за чего у него развились межпозвоночная грыжа и выраженный стеноз, вызывавшие сильную боль.

Нейрохирурги под микроскопом удалили грыжу, провели декомпрессию спинного мозга, стабилизировали позвоночник специальной конструкцией и заменили поврежденный диск имплантом. Высокотехнологичная операция выполнена бесплатно в рамках ОСМС.

Сейчас Сергей Александрович проходит реабилитацию и чувствует себя значительно лучше. Врачи отмечают, что подобные операции помогают уменьшить боль и восстановить подвижность.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қазақстандықтар үшін жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтуді жалғастыруда. Оның аясында жаңа туған нәрестелерге жасалатын күрделі кардиохирургиялық операциялардан бастап, буындарды роботтандырылған эндопротездеуге дейінгі қызметтер көрсетіледі. Біз осы жылдың наурыз айында МӘМС аясында жасалған ең күрделі оталардың тізімін жинақтадық.

Ақтауда аорта аневризмасы кезінде стент-графт имплантациясы жасалды

Ақтаудағы клиникалардың бірінде Алматыдан шақырылған тамыр хирургі Сұлтан Илиевтің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Ота барысында жоғары технологиялық араласу – құрсақ аортасына стент-графт имплантациясы жасалды.

Науқасқа құрсақ аортасының аневризмасы диагнозы қойылған – бұл тамыр қабырғасының кеңеюі мен жұқаруымен сипатталатын, өмірге тікелей қауіп төндіретін ауыр патология. Стент-графттың үш модулі аневризманы қан ағымынан толық оқшаулап, жарылу қаупінің алдын алды. Мұндай операциялар өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алып, пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Талғарда дәрігерлер алғаш рет роботтың көмегімен буын ауыстыру операциясын жасады

Түркістандық Айсұлу Асамбаева тізесіндегі қатты ауырсыну жүруге кедергі келтіргенін айтады. Талғар ауданындағы Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында оған роботтың көмегімен тізе буынын эндопротездеу бойынша бірегей ота жасалды.

Робот-ассистент хирургиялық қателіктер мен қан жоғалтуды барынша азайтып, имплантты пациенттің жеке анатомиясын ескере отырып, дәл орнатуға мүмкіндік береді. Отаның құны шамамен 4 млн теңге. Алайда МӘМС жүйесінің арқасында ол тегін жасалды. Алғашқы оталар Ресейден келген халықаралық нұсқаушымен бірлесіп өткізілуде, бұл отандық мамандарға тәжірибе алмасуға жол ашады.

Қарағандыда алғаш рет үш айлық қызға күрделі жүрек операциясы жасалды

Қарағанды қаласындағы №2 көпсалалы ауруханада үш айлық пациентке алғаш рет күрделі жүрек операциясы жасалды.

Бәрі бастапқыда қарапайым диагноз – пневмониядан басталған. Алайда тексеру барысында негізгі қан тамырының күрт тарылуымен сипатталатын туа біткен жүрек ақауы – аортаның критикалық коарктациясы анықталды. Мамандар консилиумы еліміздің жетекші кардиохирургтарының қатысуымен шеберлік сабағы форматында операция жасауға шешім қабылдады. Астана қаласындағы UMC-ден кардиохирург Ғалымжан Өтегенов пен анестезиолог Хафиз Ахмеров келді.

Операция шамамен 5 сағатқа созылды: аорта коарктациясын резекциялау, «ұшынан-ұшына» анастомоз салу және ашық артериялық өзекті анықтап, оны жою жүзеге асырылды. Аталмыш ауруханада осындай операция алғаш рет жасалды. Бұған дейін мұндай науқастар тек республикалық орталықтарға жіберіліп келді.

ШҚО-да анықталмаған жүрек ақауы бар пациентке бірегей операция жасалды

Дәрігерлер бұған дейін туа біткен жүрек ақауы анықталмаған Тарбағатай ауданының 68 жастағы тұрғынына күрделі кардиохирургиялық ота жасады.

Жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы 240 мм сын. бағ. дейін көтерілгеннен кейін, науқаста туа біткен жүрек ақауы, қолқаның өрлеу бөлігінің аневризмасы, екі жармалы қолқа клапаны және жүректің ишемиялық ауруы бары анықталды. Ота шамамен 8 сағатқа созылды және бірнеше жоғары технологиялық араласуды қамтып, өмірге қауіп төндіретін бірнеше патологияны бірден жойды. Ота МӘМС шеңберінде жасалды.

Алматыда аяқ-қол патологиясы бар балаларға 9 бірегей ота жасалды

Ресейлік маманмен бірлесе отырып, травматолог-ортопедтер лоскутты (тін бөлігін) ауыстырып салу, экзостоздық қисық қолдылықты түзету, сондай-ақ жарақаттан кейінгі нейропатия, Фолькман контрактурасы және Дюшен-Эрб параличі кезінде сіңір-бұлшықет құрылымдарын транспозициялау әдістерін қолданды.

Медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетілді. Қазақстанда қысылу синдромы (компартмент-синдром) жиі кездеседі. Бұл жағдайда ісіну тамырлар мен жүйкелерге түсетін қысымды арттырып, бұлшықеттер мен жүйкелердің ішінара немесе толық некрозына (өлуіне), ал кейіннен мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.

Аралда аз инвазивті операциялар кеңінен қолданылуда

Жаңақұрылыс ауылдық округінің тұрғыны Бекболат Орынбасаров жедел ауырсынумен түсті. Оған өт қабында тас бар деген диагноз қойылды. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия – тіндерге аз зақым келтіретін аз инвазивті операция сәтті жасалды.

Хирургтердің айтуынша, бұрын тек облыс орталықтарында жасалатын көптеген операциялар қазір аудандық аурухана деңгейінде орындалуда. Лапароскопиялық әдістер жоғары тиімділігін дәлелдеді, асқынулар қаупін азайтып, қалпына келу мерзімін қысқартады. Барлық процедуралар ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі. 2026 жылы аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін ӘМСҚ қаражатынан 8,4 млрд теңге бөлінген.

Павлодарлық дәрігерлер омыртқаға күрделі операция жасады

№1 қалалық ауруханада Успен ауданының тұрғыны Сергей Кименжердің омыртқасына ота жасалды. Ер адам көп жыл бойы ауыр физикалық жұмыспен айналысқан, соның салдарынан омыртқааралық жарық және қатты ауырсыну тудыратын айқын стеноз дамыған.

Нейрохирургтар микроскоптың көмегімен жарықты алып тастап, жұлын декомпрессиясын жасады, омыртқаны арнайы конструкциямен бекітіп, зақымдалған дискті имплантқа ауыстырды. Жоғары технологиялық ота МӘМС шеңберінде тегін жасалды.

Қазір Сергей Александрович оңалтудан өтіп жатыр және өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Дәрігерлер мұндай оталар ауырсынуды азайтуға және қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмектесетінін атап өтті.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz