Вернуться к списку
20.06.2025
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ИЫҚ БУЫНЫНА ЭНДОПРОТЕЗДЕУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ
Талдықорған қаласындағы «Hak Medical» медициналық орталығында өңірде алғаш рет иық буынын ауыстыру бойынша жоғары технологиялық ота өтті.
Талдықорған қаласындағы «Hak Medical» медициналық орталығында өңірде алғаш рет иық буынын ауыстыру бойынша жоғары технологиялық ота өтті. Осындай ем алған алғашқы пациент — ауыр жарақат алған 77 жастағы Вера Матвеева. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жасалды.

Иық буынына эндопротездеу — бұл буын ауыр зақымданып, басқа ем түрлері нәтиже бермеген жағдайда қолданылатын хирургиялық араласу. Ота барысында зақымдалған буын жасанды протезге ауыстырылады.

«Науқас иық буынының ауыр жарақатымен түсті. Консервативті ем нәтиже бермейтін болғандықтан, эндопротездеу отасын жасау туралы шешім қабылданды. Отадан кейінгі келесі күні-ақ оң динамика байқалды. Бұл пациенттің қалыпты өмір салтына оралуына мүмкіндік береді», - дейді травматолог Арман Байболов.

Отадан кейін пациенттер оңалту курсынан өтіп, аз уақыт аралығында қол қимылы қалпына келеді, ауырсыну жойылып, күнделікті белсенді өміріне қайта оралады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz