Вернуться к списку
23.04.2025
ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ 99 ПАЙЫЗҒА БІТЕЛГЕН НАУҚАС АМАН ҚАЛДЫ
Шымкенттік дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Пациенттің жүрек-қан тамырларының бірі 99 пайызға дейін тарылып кеткен. Бұл – инфаркт болу қаупі өте жоғары жағдай.
Шымкенттік дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Пациенттің жүрек-қан тамырларының бірі 99 пайызға дейін тарылып кеткен. Бұл – инфаркт болу қаупі өте жоғары жағдай. «Хадиша» клиникасының білікті кардиохирургтары науқасқа шұғыл түрде коронарография жасап, қан тамырларының зақымданған тұсына стент орнатты. Стент тарылған қан тамырын кеңейтіп, жүрекке қанның қалыпты баруын қамтамасыз етті.

Дәрігерлердің айтуынша, күрделі ота жергілікті жансыздандырумен жасалған. Пациент операция кезінде есін біліп жатқан. Қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлерге алғысын білдіруде.

«Мұндай оталар қазіргі таңда елімізде кеңінен қолданылып, талай жанның өміріне араша болуда. Ең бастысы – бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында толықтай тегін көрсетіледі. Операция құны шамамен 2 миллион теңгені құрайды», – дейді клиниканың кардиохирургы Ұлан Бахтыбаев.

Дәрігерлер жүрек ауруларына немқұрайлы қарамауға, уақытында тексерістен өтіп тұруға кеңес береді. Себебі дер кезінде анықталған диагноз – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі.
Shymkentaqparat.kz

Ақпарат көзі

www.msqory.kz