Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЗАҒИП ЖАННЫҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Шымкенттік дәрігерлер зағип жанның көз жанарын қалпына келтірді Жасы 70-ке таяған зейнеткер Еркін Тұрмановтың оң көзі 10 жыл бұрын мүлдем көрмей қалған. Көз соқырлығына душар болған зағип жанға тор қабатының сылынуы мен күрделі катаракта диагнозы қойылады.
Науқастың айтуынша ем іздеп бармаған жері жоқ. Шипасын «Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасынан тапқан. Дәрігерлер оған таяу күндері МӘМС қаражаты есебінен құны 900 мың теңгеден асатын күрделі ота жасап, көз жанарын қалпына келтірді.
Көру қабілеті қайта оралған тағы бір науқас 63 жастағы Рашид Шамсутдинов. Зағип жанның бір көзі 4 жылдан бері мүлдем соқыр болып келген. Қариялар шымкенттік дәрігерлер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне шексіз алғыстарын білдіруде. «Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасы былтыр катаракта, глаукома және тор қабатының сылынуы сынды диагноздар бойынша МӘМС есебінен 500-ге жуық күрделі ота жасаған. Сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігер-офтальмохирургы Алиби Қалшабековтың айтуынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша қант диабетінің салдарынан көз ауруына шалдыққан науқастарға тек осы клиникада арнайы дәрі-дәрмек егіледі. Жалпы Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 5 клиника көз ауруларын емдейді. Биыл МӘМС шеңберінде науқастарға 3000-ға жуық қызмет көрсету жоспарланған. Біле жүріңіз! МӘМС қарапайым халықтың мүддесін қорғауды көздейді. Сіз сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға құқылысыз.
Ақпарат көзі