Артқа
Артқа

Қор сарапшылары мониторинг кезінде медициналық ұйымдардың 52 мыңнан астам қабылдауды "қосып жазғанын" анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.

2022 жылғы мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, қор сарапшылары 3 млн-нан астам кемшілікті анықтады. Салыстырар болсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн-ды құраған еді. Оның ішінде 403,3 млн теңгеге 52 621 жалған жазба жазылған.

Жалған жазбалардың дені Астана қаласында (26 789 немесе 50,9%), Ақмола (5 774 немесе 11%) және Қызылорда (5 076 немесе 9,6%) облыстарында анықталды.

Медициналық көмек түрлеріне жіктеп айтсақ, жалған жазбалардың көбі жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтерге тиесілі (52 621 немесе 99%). Қалған 508 жалған жазба мынадай көмек түрлерінде кездеседі: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған медициналық көмек (тәулік бойғы стационар), стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

Жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша жалған жазбалар 297 медициналық ұйымда анықталған. Оның 180-і (60,6%) – мемлекеттік, 117-і (39,4%) – жекеменшік.

«Құқық бұзған» денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.

Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы тұрғысынан медициналық ұйымдардың міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі болып саналады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы.

Сондай-ақ Қор жеткізушілері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері аясында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу аталған қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған ақылы қызметтер ғана төленеді.

Егер пациент алмаған қызметі үшін жалған жазба жазылғанын өздігінен анықтаса, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлауы қажет. Шағым немесе өтінішті Қордың ресми сайты fms.kz арқылы беруге болады. Сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе 1406 телефонына хабарласуға мүмкіндік бар.

10.04.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
УТВЕРЖДЕН ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ В НОВОЙ РЕДАКЦИИ
ӨЗГЕРТІЛГЕН ЖАҢА ҚОСЫЛУ ШАРТЫ БЕКІТІЛДІ
Бұл шарт 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап медициналық қызметтер берушілер үшін міндетті болады.
09.12.2024
БОЛЕЕ 140 ТЫСЯЧ ТЕНГЕ ПРИХОДИТСЯ НА МЕДУСЛУГИ ОДНОГО КАЗАХСТАНЦА
БІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ 140 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТИЕСІЛІ
Желтоқсан айының 5-7 күндері «ДДСҰ» қазақстандық медициналық университеті ұйымдастырған «Global Health» халықаралық конгресі өтуде. ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова түрлі елдерден келген әріптестерінің алдында ҚР МӘМС жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.
06.12.2024
О ЧЕМ ГОВОРИЛИ НА ЗАСЕДАНИИ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА ФСМС
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу нәтижесінде халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 340 мыңнан астам адамға артты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жетінші отырысында айтылды.
05.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу