Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық. Бұл хирургиялық араласулар дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің, заманауи медициналық жабдықтар мен жоғары технологияларға қолжетімділіктің нәтижесінде мүмкін болды. Алматыда ауыр патологиясы бар балаларға сирек оталар жасалды
№2 Балалар клиникалық ауруханасында сирек кездесетін туа біткен және жүре пайда болған бұзылыстары бар бес балаға тегін ота жасалды. Оталар ресейлік микрохирург, профессор Игорь Голубевтің қатысуымен өткен шеберлік сабағы аясында өтті.
«Қазақстанда бұрын қолданылмаған технологиялар пайдаланылды. Барлығы тегін, МӘМС аясында», – деді аурухана директоры Марат Рабандияров.
Науқастардың арасында ампутация, сал ауруы, деформация және ісік диагнозы қойылған балалар бар. Сонымен қатар 20 консультация беріліп, 17 қазақстандық дәрігер оқытылды.
«Бұл жай ғана ем емес, бұл балаларға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
24 саусақпен дүниеге келді: павлодарлық дәрігерлер сәбиге толыққанды балалық шақ сыйлауда Екі жастағы Давидтің сирек кездесетін туа біткен ерекшелігі бар: бір қолында – 7, екінші қолында – 6, ал оң аяғында – 6 саусақ. Бұл – тұқым қуалайтын полидактилия. Бұндай жағдай оның анасы мен атасында да болған.
Ата-анасы болашақта денсаулық пен әлеуметтік қиындықтардың алдын алу үшін артық саусақтарды алдыру туралы шешім қабылдаған. ОСМС аясында Давид қажетті ем-шараларды кезең-кезеңімен тегін алып жатыр. Мұндай бір операцияның құны 700 мың теңгеден асуы мүмкін еді.
«Ол бізге екінші рет келді: бұл жолы қолына операция жасадық, бұған дейін аяғына жасағанбыз. Бәрі сәтті өтті, ешқандай асқыну болған жоқ. Аяғы баяғыда жазылып кеткен — қазір бала жүгіріп жүр», – деді дәрігер Юлия Дюшебаева.
Маңғыстауда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды
Облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирург дәрігерлері екі сағатта ананың да, баланың да өмірін аман сақтап қалды.
1997 жылғы әйел Жаңаөзеннен санитарлық авиациямен жеткізілді. Дәрігерлер оған митралды қақпақша жеткіліксіздігі және жедел инфекциялық эндокардит диагнозын қойды. Кардиохирургтар ҰҒКО мамандарымен кеңесіп, өңірлік деңгейде операция жасауға шешім қабылдаған.
«Жүрек соғысы уақытша тоқтайтындықтан, ота баланың өміріне де қауіп төндіруі мүмкін еді. Бірақ акушерлер жатырдағы баланы УДЗ арқылы бақылап отырды, бәрі жақсы өтті», — деді жүрек қан-тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Кудабаев.
Бір күндік хирургияда шап жарығына сәтті ота жасалды Шымкент қалалық диагностикалық орталығында бір күндік хирургия әдісі сәтті қолданылып келеді. Бұл тәсіл арқылы науқасқа жеңіл немесе орташа күрделі ота жасалып, сол күні-ақ үйіне жіберіледі. Бір күндік хирургия ауруханалардағы жүктемені азайтып, науқастардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беруде.
Таяу күндері 39 жастағы қала тұрғынына шап жарығына ота жасалды. Операцияны 20 жылға жуық тәжірибесі бар жоғары санатты хирург Тимур Саламатов жүргізді. Қазір науқастың жағдайы жақсы.
«Бір күндік хирургия – бұл қазіргі медицинаның тиімді әдістерінің бірі. Науқас үшін ыңғайлы: ауруханада ұзақ жатпайды, отадан кейінгі қалпына келу жеңіл өтеді», – дейді дәрігер.
Орталықтың хирургия бөлімшесінде сондай-ақ варикоз ауруы, жарық, диабеттік табан сияқты күрделі диагноздар бойынша ота түрлері жасалады.
Талдықорғанда дәрігерлер 15 минутта пациентті бел ауруынан арылтты Балпық би ауылынан келген 65 жастағы әйелге «ХАК» медициналық орталығында омыртқа буындарының фасеттік нервтерін радиожиілікті денервациялау процедурасы сәтті жүргізілді. Бар болғаны 15 минут ішінде науқас бұрыннан мазалап келген бел тұсындағы қатты ауырсынудан арылды.
Радиожиілікті денервация - бұл ауырсынуды тасымалдайтын жүйке ұштарын бұғаттауға мүмкіндік беретін заманауи, аз инвазивті әдіс. Процедура жергілікті анестезия арқылы жүргізіледі. Науқас есін біліп жатады және дәрігермен байланыста болып, өз сезімдері туралы айтады.
«Науқас бізге бел тұсындағы қатты ауырсынумен түсті. Барлық анализдерді зерттеп, аз инвазивті әдіспен емдеуге шешім қабылдадық. Процедура 15-30 минутқа дейін созылады және күрделі операцияларды болдырмауға мүмкіндік береді. Пациент емнен кейін бірден жеңілдік сезінді», - деді нейрохирург Алмас Сапарханов.
Алматылық кардиологтар қызылордалық бойжеткенге абляция жасады Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып қалып отыр. Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиологтары Қызылордада көшпелі кеңес өткізді.
21 жастағы Перизат Сматқызы 14 жасынан бері диспансерлік бақылауда. Ол ентікпе мен жүрек қағысының жиілеуіне шағымданған. Оны Алматыға жолдап, 3D CARTO жүйесі арқылы аритмия ошағы анықталып, катетерлік абляция жүргізілді.
«Мен сақтандырылғанмын. Осы жылдар ішінде МӘМС аясында көп көмек алдым», — дейді Перизат.
Түркістанда клиникалық өлім жағдайындағы науқас аман қалды
«Асиямед» клиникасына жедел миокард инфарктісі диагнозымен пациент жеткізілді. Түскен сәтінде ол клиникалық өлім жағдайында болды. Реанимациялық шаралар шұғыл түрде жүргізіліп, жүрек соғысы қалпына келтірілді.
Науқасқа коронарография жасалып, жүрек тамыры ашылып, стент орнатылды. Ота барысында және одан кейін бірнеше рет жүрек тоқтауы тіркелгенімен, адам өмірі сақталып қалды.
Пациент шамамен он күн бойы жансақтау бөлімінде болып, жағдайы тұрақталған соң жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. ол дәрігерлердің қатаң бақылауында.
Павлодарда өңеш тесігінің диафрагмалық жарығын алып тастау бойынша ота сәтті өтті Пациент Светлана Иванова асқазандағы ауырсынуға шағымданып жүгінген. Тексеруден кейін оған өңеш тесігінің диафрагмалық жарығы диагнозы қойылып, ота жасалды. Малоинвазивті әдіс пен білікті дәрігерлердің арқасында қалпына келу кезеңі тез өткен.
«Қазіргі өмір салты мен дәнекер тінінің ақаулары – мұндай жарықтардың жиі кездесетін себептерінің бірі», – деп түсіндірді хирург Ерасыл Мырзаханов.
Жекеменшік клиникаларда осындай операциялардың құны 800 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Алайда қалалық №3 ауруханасында бұл ота МӘМС аясында тегін жасалды.
Жамбылдық дәрігерлер жүректе сирек кездесетін ісікті алып тастады
Қордай ауданының 58 жастағы тұрғыны жүрек соғысының жиілеуі, ентігу мен бас айналу сияқты шағымдармен Тараздағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына жүгінген. Тексеру барысында жүректің сол жақ жүрекшесінде түзіліс анықталған.
Дәрігерлер пациентке ота жасап, нәтижесінде сол жақ жүрекше қуысынан диаметрі 3х5,5 см болатын, жүрек қабырғасына сабақшасы арқылы бекіген ісікке ұқсас түзіліс (миксома) алынып тасталды.
Отасы сәтті өткен әйел ертесіне бөлімшеге ауыстырылды.
Шымкентте күрделі екі ота 7 жасар баланың өмірін құтқарды Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Клиникалық және зертханалық- диагностикалық тексерулердің нәтижесінде жедел ота жасау қажеттілігі туындаған.
Кішкентай пациентте бас сүйек-ми жабық жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы және оң иық сүйегінің күрделі сынуы анықталған. МӘМС аясында оған бір уақытта екі ота – бас миы мен иық сүйегіне жасалған. Кәсіби мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде баланың өміріне төнген қауіп сейілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.
Пациенттің анасы медициналық мекеме ұжымына алғысын білдіріп, баласына екінші өмір сыйлаған дәрігерлерге ерекше ризашылығын жеткізді.

12.06.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025