1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО

Кімдер кіреді?
Орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер жеңілдік санатындағы азаматтар қатарына кіреді. 
Сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтар да осы санатқа кіреді.

Жарна төлеу керек пе?
Бұл студенттер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.
Егер студент ресми түрде жұмыс істесе, жұмыс беруші оның жалақысынан жарна ұстамайды және өзі де аударым жасамайды.

Мәртебені қалай алуға болады?
Қазақстанда оқитын студенттер:
«Сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде тағайындалады. Бұл үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ) немесе ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы (ЖББП) негізінде мәліметтер алынады. Бұл ақпараттар оқу орнының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі. Мұнда ЖОО қызметкерлері студенттердің жеке деректерін, оқу кезеңі мен формасын дұрыс көрсетіп, деректерді уақытында жаңартып отыруы маңызды.

Шетелде оқитын студенттер:
Мәртебе алу үшін студент өз деректерін электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы «Шетелде білім алып жатқан студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметі арқылы өзі ұсынуы керек (https://egov.kz/cms/ru/services/6-51pass_mon). Ашылған терезеде өтініш толтырып, оқып жатқанын растайтын құжатты (қазақ немесе орыс тіліне аударылған әрі нотариалды расталған оқу орнынан анықтама) қоса тіркеу қажет. Деректер дұрыс енгізілсе, мәртебе 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

Мәртебенің берілмеу/жоғалу себептері
Қазақстанда оқитын студент мәртебе ала алмаса, оқу орнындағы ақпараттық жүйедегі мәліметтерді нақтылау үшін ЖОО-ға жүгінуі керек. Мұнда оқу мерзімі қате көрсетілуі немесе ЖСН дұрыс енгізілмеуі мүмкін.
Шетелде оқитын студенттерде мәртебе бойынша қиындық туындаса, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінуі қажет. Бұдан бөлек, әр семестр аяқталғаннан кейін egov.kz порталы арқылы өз оқуын растап отыру маңызды.

Оқу аяқталғаннан кейін
Оқу орнын аяқтаған немесе оқудан шығарылған жағдайда студент жеңілдік санатындағылар қатарынан түсіп қалады. Сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін ол ресми жұмысқа орналасуы керек (бұл жағдайда жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші төлейді) немесе жарналарды дербес төлеуші ретінде өзі төлейді (2025 жылы – ай сайын 4 250 теңге).

13.06.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу