Вакансиялар
страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Салалардағы білім: экономика/ құқықтану/ денсаулық сақтау/ халықаралық қатынастар;
Жұмыс тәжірибесі: Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және (немесе) функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Қордың құрылымдық бөлімшелері / филиалдары қызметінің тиімділігін бағалау бойынша әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу;
2) Қордың құрылымдық бөлімшелері / филиалдары басшыларының мақсаттар карталарын мақсаттардың басымдығы, шынайылығы, қол жетімділігі және нәтижелілігі тұрғысынан қарау және келісу;
3) Қордың құрылымдық бөлімшелері / филиалдары басшыларының қойылған мақсаттардың уақтылығы, толықтығы және орындалу сапасы тұрғысынан мақсаттарының карталарын орындау мониторингі;
4) Қордың құрылымдық бөлімшелерінің/ филиалдарының қол жеткізілмеген мақсаттардың іске асырылған тәуекелдері туралы ақпарат беру бөлігінде тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшемен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) Қор филиалдарының рейтингін жыл сайын қалыптастыру;
6) Қызмет құзыреті шеңберінде қызметкерлердің уәждемесін басқару процесін, оның ішінде Қордың құрылымдық бөлімшелері / филиалдары басшыларының мақсаттарының карталарын қалыптастыруды регламенттейтін ішкі құжаттарға жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
7) Қордың Басқарма Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмасы бойынша анықтамалар, баяндамалар, презентациялар дайындау;
8) Қордың құрылымдық бөлімшелері қызметінің функционалдық бағыттарын талдау;
9) Қордың ішкі құжаттары негізінде Қордың іс-шараларының (міндеттерінің) және ішкі бизнес-процестерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
10) Қордың іс-шараларының (міндеттерінің) және ішкі бизнес-процестерінің орындалуын мониторингілеу және бақылау;
11) Қордың ішкі құжаттарын ішкі бизнес-процестерді оңтайлы бөлу тұрғысынан қарау;
12) реттелетін ішкі рәсімдерді оңтайландыру (өзгерту, толықтыру, алып тастау), тиімсіз іске асырылатын/қайталанатын рәсімдерді алып тастау жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;
13) Қордың ішкі құжаттарында көзделген Қызмет құзыреті шегінде Қордың нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарының жобаларын келісу;
14) Қордың Корпоративтік басқару кодексін әзірлеу және жетілдіру;
15) Қордың корпоративтік басқару жүйесі мен практикасын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен рәсімдерді ұйымдастыру;
16) Қордың жылдық есебінің жобасын әзірлеу және келісу;
17) Қордағы корпоративтік басқару рейтингін арттыру мақсатында корпоративтік басқаруды ішкі бағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ рейтингтік институттармен өзара іс-қимыл жасау және олардың іс-қимылдарына мониторинг жүргізу;
18) корпоративтік басқару бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен ішкі құжаттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
19) Қорда тиімді корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу шеңберінде ұсыныстар әзірлеу, ішкі құжаттарға, оның ішінде басшы қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу туралы құжаттарға, Қордың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге, Қордың жарғысына тиісті өзгерістерді келісу;
20) Қордың корпоративтік хатшысымен өзара іс-қимыл жасау және Қордағы корпоративтік басқару жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
21) Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қор филиалдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
22) Қордың ішкі құжаттарында көзделген Қызмет құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Эссе жазу
2) Әңгімелесу.