Вакансиялар
Элемент не найден!
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе ІТ/ математика/ экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);
2) Департамент құзыреті шегінде «Saqtandyrý» АЖ «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» кіші жүйесін әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;
4) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
5) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;
6) ақпараттық жүйелердегі (бұдан әрі - АЖ) іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;
7) Қор функцияларын автоматтандыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) ақпараттық жүйелерін модификациялау бойынша техникалық бөлім бойынша ұсыныстар дайындау, міндеттер қою;
8) өз құзыреті шегінде проблемалық мәселелерді шешу бойынша кеңестерге, ҚР ДСМ АЖ мәселелері бойынша талқылауларға, Қордың құрылымдық бөлімшелерімен және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен өзара іс-қимылға қатысу;
9) Қор функцияларын автоматтандыру бөлігінде ҚР ДСМ АЖ модификациялау жөніндегі міндеттерді іске асыру мониторингін жүргізу;
10) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);
11) «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы талдаушылармен өзара іс-қимыл жасау, талаптарды сипаттау үшін ақпаратты уақтылы ұсыну (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;
12) «Электрондық коммерциялық сатып алу» электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін (Денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу веб-порталы) іске асыру және түрлендіру бойынша «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мүдделі қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау, Департамент құзыреті шегінде қойылған міндеттердің орындалуын бақылау;
13) Департамент басқармасы құзыреті шеңберінде ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеуге қатысу, әзірлеу, өзектендіру;
14) Қордың, ҚР ДСМ АЖ ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыс кеңестеріне қатысу;
15) «Saqtandyrý» АЖ «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» кіші жүйесімен жұмыс істеу бойынша қор қызметкерлерін оқытуды және оларға консультация беруді, жүйелермен жұмыс істеу бойынша пайдаланушымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды, жаңартылған функциялар бойынша оқытуды жүргізу;
16) Департамент басқармасының бастамасы бойынша жасалған шарттар бойынша қор жеткізушілерінің шарттық міндеттемелерін орындамауына талдау жүргізу (қажеттілігіне қарай);
17) «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық жүйелерге сынақтар жүргізудің әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы бұйрығына сәйкес «Saqtandyrý» АЖ ақпараттық қауіпсіздігі бойынша сынақтардан өту уақытында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне өз құзыреті шегінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
18) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарының жобасын әзірлеу;
19) Департамент құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын Қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;
20) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;
21) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;
22) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;
23) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
24) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;
25) Қор функцияларын автоматтандыру жөніндегі міндеттер бөлігінде ҚР ДСМ АЖ модификациялау жөніндегі міндеттер жиынтығын іске асыру мониторингін жүргізу;
26) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;
27) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;
28) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;
29) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;
30) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;
31) Департамент басқармасының құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;
32) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;
33) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;
34) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;
35) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;
36) Қорда қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің және ішкі құжаттардың (нұсқаулықтардың, ережелердің, регламенттердің және т. б.) жобаларын дайындау, әзірлеу, сондай-ақ оларды дайындауға басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп қатысу;
37) Қор Департаменті басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
38) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету (бар болса):
1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;
2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
39) Департаменттің, Қордың басшылығы, Қордың ішкі құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасы, Департамент туралы ереже жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Эссе;
2) Әңгімелесу.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: денсаулық сақтау/экономика/қаржы "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білімі бар кандидаттар үшін соңғы 5 (бес) жыл ішінде міндетті біліктілікті арттыру;
Жұмыс тәжірибесі кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби салада және (немесе) функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.Функционалдық міндеттері:
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмектің сапасы бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына уақтылы мониторинг жүргізу:
1) ағымдағы (жоспарлы);
2) мақсатты;
3) жоспардан тыс;
4) проактивті;
өлім және өлім жағдайлары.
2. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастыру;
3. САЖ-де САПАНЫҢ кросс-мониторингін жүргізуді бақылау, сапа мониторингіне жататын, келіп түскен жағдайларды МКМСБ қызметкерлері арасында бөлу;
4. Қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі – медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша тізілімдерді қалыптастыру 4, 5, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 16, 17, 19 және 20-шы мониторинг қосымшаларына сәйкес.
5. Сұраныс бойынша жетекшілік ететін Департаментке жедел ақпаратты уақтылы ұсыну;
6. Мониторинг қағидаларына 6, 9, 12, 15, 18 және 21 – қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі-медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша актілерді қалыптастыру.
7. Қызымет берушілердің қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындауы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу.
8. Сараптамалық кеңестің отырысына материалдар дайындау.
9. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу үшін Қор пайдаланатын ақпараттық жүйелерден кіріс және шығыс деректерінің дұрыстығына мониторинг жүргізу;
10. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қарау;
11. Медициналық көмектің сапасы мен көлемінің мониторингі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және әзірлеуге қатысу;
12. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысу;
13. Медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бизнес - процестерін автоматтандыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысу;
14. Қордың қызымет берушілері шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
15. Қордың қызымет берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызымет берушілерімен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
16. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
17. Қордың қызымет берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
19. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы мен филиал директоры жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Жалпы байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу.
Кандидаттар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: экономика/қаржы/бухгалтерлік есеп және аудит.
Жұмыс тәжірибесі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1. ТМҚ, филиалдың негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін есепке алу:
1) филиал қызметтер берушілерін есепке алу;
2) филиалдың дебиторлық және кредиторлық берешегін бақылау;
3) филиал қызметкерлерінің іссапар шығыстары бойынша аванстық есептердің дұрыс жасалуын бақылау;
4) филиал қызметкерлері бойынша жұмыс уақытын есепке алу табельдерінің дұрыс жасалуын бақылау;
5) Орталық аппараттың бухгалтерлік есеп департаментіне филиалдың есептілігін ұсыну;
6) статистикалық басқармаға филиалдың есептілігін ұсыну;
7) филиалдың салық есептілігін салық органдарына беру;
8) аумақтық салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
9) жол парақтарының дұрыс ресімделуін бақылау;
10) спидометрлердің көрсеткіштерін салыстыру;
2. Бухгалтерлік есеп деректері бойынша филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізуге қатысу, сондай-ақ филиалдың тауар-материалдық қорлары мен негізгі құралдарына, активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу;
3.Есептілікті жасау үшін тиісті есепке алу учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
4. Міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты орындайды, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды
5. Бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу.
6. Бөлінетін бюджет қаражатының көлеміне сәйкес өнім берушілердің медициналық қызметтер көрсету көлемін жоспарлау.
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) шеңберінде медициналық көмек берушілердің медициналық қызметтерге ақы төлеу әдіснамасын жүргізу және қалыптастыру.
8. Бюджет қаражатын игеру және атқару жөніндегі есепті қалыптастыру (айлық, тоқсандық, жылдық есептік Нысандар).
9. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде жасалған шарттар бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің шарттық міндеттемелерінің орындалу барысын тексеруді жүзеге асыру.
10. Филиал бойынша Медициналық қызметтерді сатып алу жоспарының орындалуы туралы ақпаратты, филиал бойынша төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпаратты қалыптастыруды ұйымдастыру және бақылау.
11. Әрбір қызметтер берушілердің бөлінісінде жасалған қызметтерді сатып алу шарттары бойынша сомаларды ай сайын бөле отырып, төлеуге қабылданатын сомаларды салыстырып тексеру жүргізу.
12. Әрбір қызметтер берушілердің бөлінісінде жасалған қызметтерді сатып алу шарттары бойынша сомаларды бөле отырып, филиал бойынша ақы төлеуге өтінімді қалыптастыру.
13. Әрбір қызметтер берушілердің бөлінісінде жасалған қызметтерді сатып алу шарттары бойынша сомаларды бөле отырып, филиал бойынша ақы төлеуге өтінімді қалыптастыруды ұйымдастыру және бақылау.
14. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қор іске асыратын бағдарламалар мен бағыттар бойынша Медициналық қызмет көрсетушілермен және тұтынушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
15. Мемлекеттік және реттеуші органдармен, жетекшілік ететін ӨК-мен және Қор филиалының/Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасу, ақпарат сұратуларына жауап дайындау және басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау
16. 1C БЖ енгізу: кәсіпорынға келісімшарттар, орындалған жұмыстар актілері бойынша мәліметтер енгізу.
17. 1С БЖ бойынша қалыптастырудың дұрыстығын бақылау: кәсіпорын медициналық қызметтерге ақы төлеуге өтінімдер, Денсаулық сақтау субъектілерімен салыстыру актілері.
18. Денсаулық сақтау субъектілерімен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді уақтылы жүргізу.
19. Қор қызметтер берушінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
20. Қордың қызметтер беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызметтер берушімен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
21. Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы хабарлама беру;
22. Қор қызметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін)
23. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шарттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қамтамасыз ету
24.Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу.