Жаңалықтар
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары адамдардың не себепті МӘМС төлемдерін төлегісі келмейтінін айтып берді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстанда 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде жүйеге қатысты өзекті мәселелерді және адамдардың не себепті МӘМС жарналарын төлегісі келмейтіндерін айтып берді.
06.09.2023
Төмен тарифтер мен сызықтық шкала – ӘМСҚ Алматы дәрігерлерімен кездесті
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов жергілікті медициналық қауымдастықпен жиын өткізді. Іс-шара аясында бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Олардың ішінде сызықтық шкаланы қолдану, медициналық қызметтердің кейбір түрлеріне арналған тарифтердің төмендігі, сондай-ақ МӘМС жүйесін дамыту жоспары талқыланды.
31.08.2023