ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚОР БАСШЫСЫНА ҚОЙҒАН ТОП СҰРАҚТАРЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨЗҚАРАСЫМЕН
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшысының қатысуымен өткен баспасөз іс-шарасында журналистер көптеген өзекті сұрақтар қойды. Жасанды интеллект олардың ең маңыздысы мен талқылауға түскендеріне шолу жасап, спикердің қысқаша жауаптарын ұсынды. 1. ПЕТИЦИЯҒА РЕАКЦИЯ Сұрақ: «МӘМС жүйесін өзгертуді талап етеміз» деген петициясына қатысты Қордың ұстанымы қандай?
Жауап: Қор оның мазмұнымен таныс, бірақ өтініштерді қараудың тиісті шаралары бар. Егер ол алты ай ішінде 50 мың дауыс жинаса, онда уәкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі – жұмыс тобын құрып, петицияда айтылған тармақтарды зерттейді.
Бұл ретте Әбілқайыр Сқақов жүйеге енгізілетін кез келген өзгерістер негізді және мұқият ойластырылған болуы керектігін атап өтті. Айтуынша, жүйе дамуды жалғастыруда және кез келген жаңашылдық барлық азаматтың мүдделерін ескере отырып, медициналық қызметтердің барлығына қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
2. МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КЕШІКТІРІЛУІ Сұрақ: Медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық қызметтерге төлемнің кешіктіріліп берілуіне не себеп?
Жауап: Төлемдердің кешіктірілуіне екі себеп бар. 2024 жылдың басында Қорда медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған ақпараттық жүйе болмады. Қазіргі таңда Қор өзінің төлем жүйесін әзірлеп, іске қосты. Алайда, екінші мәселе туындады – ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтерді төлеуге бюджеттен қаржының жеткіліксіз бөлінуі.
Қазіргі уақытта медициналық көмекті қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын қалпына келтіру мәселесі бюджет мүмкіндіктеріне сүйене отырып, Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігі деңгейінде шешіліп жатыр. Бюджеттен қаражат түскен жағдайда олар медициналық ұйымдарға жедел төленетін болады.
3. ҚОР БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР Сұрақ:Басқарма төрағасының жалақысы қанша, не үшін топ-менеджмент миллиондаған теңге сыйақы алған?
Жауап:Әбілқайыр Сқақов миллиондаған теңге сыйақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Қор Басқармасы құрамына 5 адам кіреді. Алайда соңғы үш жыл ішінде олар сыйақы алмаған. ӘМСҚ директорлар кеңесінің шешімімен реттелетін сыйақы бар. Ол жылына 700 мың теңгемен шектеледі. Бұл ретте Қор төрағасының жалақысы айына шамамен 1,4 млн теңгені құрайды және мемлекеттік стандарттар мен Қордың міндеттеріне сәйкес келеді.
4. МӘМС ЖАРНАЛАРЫН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ Сұрақ: МӘМС-ке жарналарды көтеру не үшін қажет және ол азаматтарға қалай әсер етеді?
Жауап: Қор төрағасы жарна мөлшерін көтеру мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін атап өтті. Дегенмен ағымдағы төлемдер әсіресе медициналық қызмет шығындарының өсуі мен инфляцияны ескергенде, медициналық қызметтердің барлық шығындарын өтемейді. Сондықтан ықтимал тәуекелдерді ерте бағалау үшін жағдайды болжау үлгілерін әзірлеу арқылы жүйені жетілдірудің әртүрлі нұсқалары талқылануда. Кез келген жағдайда қандай да бір өзгерістерді уәкілетті орган сарапшылар қауымдастығымен және азаматтардың мүдделерін ескере отырып талқылайды.
5. МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ Сұрақ: Неліктен еңбекке қабілетті азаматтар жарналарды төлейді, дегенмен медициналық қызметтерді жиі пайдаланатындар балалар мен зейнеткерлер?
Жауап: Спикер МӘМС жүйесі ортақ жауапкершілік қағидатына негізделгенін, яғни қаржыландыру көздері мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлердің өздері болып табылатынын түсіндірді. Бұл ретте олардың жарналары мен аударымдары медициналық қызметтердің барлығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Оның ішінде өз емін өздігінен төлей алмайтын халықтың осал тобы бар.
Яғни, қажет болған жағдайда кез келген адамға құны бірнеше миллион теңге болатын ота жасалады, десе де жүйеге ондаған мың теңге ғана жарна құйған.
6. ЖЕКЕ КЛИНИКАЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫНА ЖАРНАЛАРДАН БАС ТАРТУ Сұрақ: МӘМС жарналардан бас тартып, жеке клиникалардан ғана қызмет алуға бола ма?
Жауап: Қор басшысы мұндай мүмкіндіктер болмайтынын түсіндірді. Өйткені МӘМС-тің қазақстандық моделінде жүйенің әлеуметтік бағытына байланысты жеке шоттар жоқ. Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық Банктегі арнайы бірыңғай шотына түседі. МӘМС жүйесі барлық азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ал жарналарды төлеуден бас тарту – бұл қолжетімділіктің айырылуына әкелуі мүмкін. Бұл ретте МӘМС бойынша пациенттер жеке клиникаларда да қызмет алуға құқылы.
7. ЖҮЙЕНІҢ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒАН ЖАЗБАМЕН КҮРЕС Сұрақ: МӘМС жүйесінде алаяқтық және жалған жазбамен күрес үшін қандай шаралар қолданылады?
Жауап: Спикер бақылауды күшейту Қор үшін бірінші кезекте екенін жеткізді. Қазірде науқастарға көрсетілген қызметтерді өздері бақылауға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер енгізіліп жатыр.
Жүйені цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қор өзінің eSaqtandyry төлем жүйесін әзірлеп, іске қосты. Ситуациялық-аналитикалық орталығын құрды. Қор медициналық қызметке жүгінумен байланысты емес бөгде тағайындауды шектейтін ТОП-10 ауру бойынша форматты-логикалық бақылауды орнатты. Сонымен қатар науқастарды бақылаудың цифрлық құралдарымен жұмыс істеуде.
Басқарма төрағасының журналистермен кездесуі барысында 60-тан астам сұрақ қойылды. Оның ішінде Қор қызметіне қатысы жоқ, сонымен қоса науқастардың нақты жағдайлары бойынша болды.

24.08.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025