1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әбілқайыр Сқақов Қордың негізгі бағыттары бойынша қызметіне қорытынды жасады әрі қысқа мерзімді жоспарлары туралы хабарлады. Қоғамдық кеңес төрайымы Надежда Петухова Қордың атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Есепті кездесуге денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Есеп беру барысында басқарма төрағасы Қор жұмысының сегіз басымдығына және қысқа мерзімді жоспарларына тоқталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – медициналық қызметтердің стратегиялық сатып алушысы әрі төлеушісі болғандықтан, Әбілқайыр Сқақов биылғы жылдың медициналық көмекті сатып алу қорытындылары мен оның медициналық ұйымдарға төлену барысы туралы айтты. Сатып алу эксцессіз және максималды автоматтандырылған түрде өтсе, қаржыландыруға қатысты биыл мәселелер туындады.
«Бастапқы қаржыландыру және бұрыннан бар өтімділік тапшылығы: сәйкесінше, 116 млрд теңге мен 571 млрд теңге. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірге қаржылық тұрақтылық жоспарын бекіттік және қаражатты үнемдеуге бағытталған шараларды қабылдадық. Қазір дағдарыстық тапшылықтың 70%-ы жабылды. Алайда жыл соңына дейін қаражаттың жетіспеушілігі жағдайы түбегейлі жақсармасы анық. Ақшалай өтімділіктің болмауы – Денсаулық сақтау министрлігіне немесе Қорға байланысты емес объективті фактор. Жыл соңына дейін уақытылы төлемдер болмауы мүмкін», – деп ескертті басқарма төрағасы.
Қаражат тапшылығы шығындарды және Қор қабылдаған міндеттемелерді оңтайландыру есебінен де шешіліп жатыр. Осылайша, Қор аса маңызды көмек түрлері бойынша қарыз сомасын 116 млрд теңгеден 27 млрд теңгеге дейін азайта алды.

Сонымен қатар, Қорда медициналық қызметтердің тарифтерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда: бес профиль бойынша тарифтер қайта қаралып, күшіне енді, ал тағы тоғыз профиль бойынша жұмыс осы айда аяқталады деп күтілуде. Әбілқайыр Сқақов медициналық ұйымдарды бақылау нәтижелері, МӘМС қамту аясын кеңейту, Қордың ағымдағы жұмысы және кадрлық саясаты туралы есеп берді.
Цифрландыру есептің жеке тақырыбы болды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне ахуалдық-талдамалық орталықтың жұмысы көрсетіліп, Saqtandyru ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.

«Мемлекет басшысы цифрландырудың жетілмегендігін айтып, міндеттерді жүктеді. Бүгінгі таңда саланың цифрлық трансформациясы бойынша Жол картасы бекітілді. Ел басшылығының қолдауымен Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Денсаулық сақтау министрлігіне қайта берілді. Бұл жүйені жетілдіру мәселелерін тезірек шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Цифрландыру тақырыбын жалғастыра отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңес төрайымы Надежда Петухова ахуалдық-талдамалық орталықтың іске қосылуы саланың тиімділігін арттырып, медициналық қызметтердің сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтті.

Қоңғамдық кеңес басшысы Қордың жұмысына оң баға берді.
«Қор тұрақсыз қаржылық жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр. (…) Біз Қордың медициналық ұйымдардың жұмысы, қаржыландыру әдістері және оны бақылау бойынша нақты түсінігі бар екенін көрдік. Қордың Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жалпы мақсаттарға жетуге ұмтылуын көріп отырмын», – деді Надежда Петухова.
ӘМСҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов Қордың келесі жылдың жұмыс жоспары туралы айтып берді. Ол медициналық қызметтердің бірыңғай сатып алушысы мен төлеушісі ретіндегі басымдықтар бойынша нақты қадамдарды қамтиды және ашықтық пен есептілік принциптеріне негізделеді.
11.09.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу