Оплачено
Льготный период
Не оплачено
Ожидает оплаты
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
Я, субъект персональных данных, подтверждаю, что даю свое согласие НАО «Фонд социального медицинского страхования» (далее – Фонд), а также операторам и иным уполномоченным лицам Фонда на сбор, обработку и защиту моих персональных данных на следующих условиях:
1. Общие положения
2. Перечень персональных данных
Я даю согласие на сбор и обработку следующих персональных данных (включая, но не ограничиваясь):
3. Цели сбора и обработки персональных данных
Персональные данные обрабатываются в целях:
4. Действия с персональными данными
Согласие распространяется на следующие действия (операции) с персональными данными: сбор, запись, накопление, хранение, уточнение (изменение, дополнение), использование, передача (в том числе третьим лицам в рамках компетенции), обезличивание, блокирование и уничтожение.
5. Условия обработки и передачи
6. Срок действия согласия
7. Права субъекта персональных данных
Я уведомлен(а), что имею право:
8. Отзыв согласия
9. Заключительные положения
10. Способ предоставления согласия
Согласие предоставляется путем проставления отметки (галочки).
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
МӘМС: әр теңге мақсатты түрде жұмсалады
Официальное приложение и получай легкий доступ ко всем услугам медстрахования прямо сейчас!
Премьер-Министрдің 2026 жылғы 16 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) Қаржы министрлігінің басқаруына берілді. ӘМСҚ-ның ресми хабарламасында жазылғандай, ұйымдастырушылық өзгерістер операциялық қызметтерге әсерін тигізген жоқ: жұмыс штаттық режимде жүргізілуде, медициналық ұйымдар алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында медициналық көмекті қаржыландыру тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Пациенттер үшін медициналық қызметтердің шектелуі немесе қолжетімсіздігіне қатысты тәуекелдер жоқ. Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттардың жылдық сомасының 20%-ына дейін алдын ала төлем (аванс) жасалды. Бұл қызмет көрсетушілерге жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыруға және халыққа медициналық көмекті үздіксіз көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ӘМСҚ ағымдағы жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу қорытындыларын жариялады. Атап айтқанда, 2026 жылы медициналық көмекті сатып алуға 2 679,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде:
1 316 млрд теңге – ТМККК аясында;
1 363,7 млрд теңге – МӘМС жүйесінде.
Биыл халыққа 1859 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1757 мекеме МӘМС аясында қызмет көрсетуші болып табылады. Аталған ұйымдардың:
608-і – мемлекеттік;
1 149-ы – жекеменшік ұйымдар.
Бұл мемлекеттік емес сектордың белсенді қатысуын және бәсекелестік ортаның нығаюын айғақтайды және өз кезегінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.
ӘМСҚ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлем тек нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін жүргізілетінін ескертеді. Яғни, төлем дәрігер қабылдауы, консультация, зерттеулер, диагностика немесе ауруханаға жатқызу секілді нақты көрсетілген қызметтер үшін ғана жасалады. Пациенттің нақты қатысуынсыз қызметтерді рәсімдеу көзделмеген және оған жол берілмейді.
«МӘМС жүйесіндегі әр теңге мақсатты түрде жұмсалады. Қор тек медициналық көмектің расталған жағдайларына ғана төлем жүргізеді. Бұл – ашықтық пен қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудегі біздің қағидатты ұстанымымыз», – деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбек.
ӘМСҚ қаражаттың тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмысын күшейтуде. 2025 жыл бойынша өңірлердегі деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізілуде. Қате көрсетілген және төленген қызметтер анықталған жағдайда заңнамада көзделген іс-шаралар, соның ішінде есеп айырысуды түзету және қаражатты қайтару тетіктері қолданылады.
Сонымен бірге бақылау жұмысы тәуекелге негізделген тәсіл қағидаттары бойынша ұйымдастырылуда. ӘМСҚ мониторингтің сараланған тәртібін қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) енгізуде. Келісімшарт міндеттемелерін тұрақты әрі адал орындайтын медициналық ұйымдар үшін әкімшілік жүктемесі азайтылған тексеру форматы қолданылады. Бұл бақылау ресурстарын тәуекелі жоғары аймақтарға бағыттауға және қаржылық тәртіп пен медициналық ұйымдардың тұрақты дамуында теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.
Заңбұзушылықтар анықталып, расталған жағдайда медициналық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға қаржылық түзетулер мен МӘМС жүйесіне қатысу шектеулерінен бастап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға дейінгі заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. ӘМСҚ сондай-ақ цифрлық тексеру құралдарын жетілдіру және мемлекеттік тіркеу жүйелерімен өзара іс-қимылды жақсарта отырып, медициналық қызметтер сапасын және қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында алдын алу бақылауын күшейтуде. ӘМСҚ-ның өкілдері түсіндіргендей, мұндай жағдайларды анықтау – МӘМС қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі бақылау жұмысы. Қор сақтандырылған азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Источник информации