Вернуться к списку
24.02.2025
СҚО-ДА АЛҒАШ РЕТ ЭПИЛЕПСИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСҚА СТИМУЛЯТОР ОРНАТЫЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын келіншекке операция жасалды. Оған эпилепсия ұстамасы кезінде ауырлықты жеңілдететін электронды стимулятор орнатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын келіншекке операция жасалды. Оған эпилепсия ұстамасы кезінде ауырлықты жеңілдететін электронды стимулятор орнатылды. Операция облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінде жасалды. Күрделі медициналық отаны жасауға әрі шеберлік сағатын көрсетуге Астана қаласынан нейрохируг дәрігер келген.

«Науқастың жасы 45-те. Ол бес жыл көлемінде эпилепсиямен ауырады. Соңғы кездері келіншек ауруының асқынуына байланысты дәрінің көлемін де, ішу уақытын да жиілеткен. Оған ота барысында электронды стимулятор орнатылды. Операция VNS -терапиясы (Vagus nerve stimulation) деп аталады. Оны ауруы асқынған пациенттерге жасайды. Мойын және кеудеден жоғары тілік жасалып, электродтар арқылы стимулятор орнатылып, шағын чиппен байланыстырылады. Ол магниттік браслет арқылы бақыланады. Егерде ауру ұстамасы қатты болғанда кеуде тұсына браслетті тақап ауырсынуды жеңілдетуге немесе тоқтатуға болады», — дейді облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирург дәрігері Балхар Шатуев.

Операция МӘМС жүйесі аясында жасалды.
Qazaqstan Media

Источник информации

www.msqory.kz