Вакансиялар
страхования»
Актуальные вакансии
Білімі: медицина / Құқықтану / экономика
Жұмыс тәжірибесі: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және (немесе) функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын білу;
- Денсаулық сақтауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу және сапасын бақылау бөлігінде Қордың ішкі актілерін білу;
- Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1. ТМҚ, филиалдың негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін есепке алу; филиал жеткізушілерін есепке алу; филиалдың дебиторлық және кредиторлық берешегін бақылау;
Филиалдың аванстық есептері (іссапар шығыстары) ;
Орталық аппараттың бухгалтерлік есеп департаментіне филиалдың есептілігін ұсыну;
Статистикалық басқармаға филиалдың есептілігін ұсыну;
Филиалдың салық есептілігін салық органдарына ұсыну;
2. Бухгалтерлік есеп деректері бойынша филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізуге қатысу, сондай-ақ филиалдың тауар-материалдық қорлары мен негізгі құралдарына, активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу;
3. Есептілікті жасау үшін тиісті есепке алу учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
4. Міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты орындайды, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;
5. Бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді, бас бухгалтердің, басшылықтың құзыреті мен тапсырмасы шегінде басқа жұмыстарды орындайды;
6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, бұйрықтарға, өкімдерге, нұсқаулықтарға, тапсырмаларға, осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзінің еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындауға;
7. Салық органдарына ақпарат дайындау және ұсыну (қаржылық есептіліктен басқа);
8. Мемлекеттік және реттеуші органдармен, жетекшілік ететін ӨК-мен және Қор филиалының/Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасу, ақпарат сұратуларына жауап дайындау және басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау;
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
10. Қордың қызметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
11. Қордың қызметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызметтер берушілерінің мен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
12. Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы хабарлама беру;
13. Қор ызметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін)
14. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шарттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қамтамасыз ету.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: денсаулық сақтау/экономика/қаржы "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білімі бар кандидаттар үшін соңғы 5 (бес) жыл ішінде міндетті біліктілікті арттыру;
Жұмыс өтілі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Функционалдық міндеттері:
1.Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмектің сапасы бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына уақтылы мониторинг жүргізу:
1) ағымдағы (жоспарлы);
2) мақсатты;
3) жоспардан тыс;
4) проактивті;
өлім және өлім жағдайлары.
2. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастыру;
3. ИСМ-де сапаның перекресттік мониторингін жүргізуді бақылау, сапа мониторингіне жататын келіп түскен жағдайларды МКМСБ қызметкерлері арасында бөлу;
4. Қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі – медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша тізілімдерді қалыптастыру 4, 5, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 16, 17, 19 және 20 мониторинг ережелеріне.
5. Мониторинг қағидаларына 6, 9, 12, 15, 18 және 21 – қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі-медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша актілерді қалыптастыру.
6. Қызымет берушілердің қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындауы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу.
7. Сараптамалық кеңестің отырысына материалдар дайындау.
8. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу үшін Қор пайдаланатын ақпараттық жүйелерден кіріс және шығыс деректерінің дұрыстығына мониторинг жүргізу;
9. Сұраныс бойынша жетекшілік ететін Департаментке жедел ақпаратты уақтылы ұсыну;
10. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қарау;
11. Медициналық көмектің сапасы мен көлемінің мониторингі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және әзірлеуге қатысу;
12. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысу;
13. Медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысу;
14. Қордың қызымет берушілерінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
15. Қордың қызыметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызыметтер берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
16. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
17. Қор қызыметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу (бөлімнің функционалдық бағыттары бойынша сұрақтар болады).
Кандидаттар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).