страхования»
Актуальные вакансии
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: экономика / қаржы / құқықтану / техникалық / гуманитарлық/ денсаулық сақтау / менеджмент / мемлекеттік және жергілікті басқару;
Жұмыс тәжірибесі: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 4 (төрт) жыл жұмыс өтілі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Қордың халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;
2) Басқарма төрағасының қатысуымен кеңестердің, кездесулер мен келіссөздердің хаттамаларын жүргізуді және ресімдеуді қамтамасыз ету:
3) белгіленген тәртіппен Басқарма төрағасының қатысуымен хаттамалық құжаттарды есепке алуды, тіркеуді, сақтауды және уақтылы орындаушыларға жеткізуді қамтамасыз ету;
4) тиісті есепке алу құралдарын пайдалануды қоса алғанда, мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, хаттамалық және өзге де тапсырмалардың орындалуына жүйелі мониторингті ұйымдастыру;
5) хаттамалық және өзге де тапсырмалардың орындалу жай-күйі туралы тұрақты есептілікті дайындау, уақтылы орындалмау тәуекелдерін анықтау және басқарма төрағасын хабардар ету;
6) үздік тәжірибелерді қолдану үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
7) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық стратегиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сарапшылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау;
8) медициналық сақтандыру, тариф белгілеу, жоспарлау, сатып алу, медициналық көмек сапасына ақы төлеу және мониторинг салаларында халықаралық ынтымақтастықты жолға қою және шетелдік және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу;
9) халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
10) шетелдік және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, кеңестер, жұмыс сапарлары мен бейнеконференциялар ұйымдастыру;
11) Қордың Басқарма мүшелерінің халықаралық конференцияларға, кеңестерге, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
12) қызметтің бейіндік бағыттары бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;
13) тәуекелдерді басқару жөніндегі және тәуекелдерді азайту және/немесе азайту шаралары жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу және олардың мониторингі;
14) негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу және олардың мониторингі;
15) тәуекелдерге ден қою және оларды басқару жөніндегі іс - шараларды іске асыру және тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді, ақпарат пен материалдарды уақтылы ұсыну;
16) іске асырылған тәуекелдер бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну;
17) Қордағы тәуекел-коммуникацияны дамыту процесіне жәрдемдесу;
18) өзінің лауазымдық міндеттері шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
19) орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қоюды қамтамасыз ету және Қор аппараты басшысының назарына жеткізу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі актілеріне, Департамент туралы ережеге және осы лауазымдық міндеттерге сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Эссе.
2) Әңгімелесу.
