Вакансиялар
Артқа
Артқа

Вакансиялар

Стань частью НАО «Фонд социального медицинского
страхования»
Уважаемые кандидаты! Добро пожаловать в раздел вакансий НАО «Фонд социального медицинского страхования». Здесь вы найдете отличные возможности для профессионального роста и развития. Приглашаем вас ознакомиться с нашими текущими предложениями.

Актуальные вакансии

Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық жүйелерді тестілеу және сүйемелдеу басқармасының аға менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе  ІТ  /математика/экономика;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
Функционалдық міндеттері:

1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);

2) өз құзыреті шегінде «Битрикс24» корпоративтік порталын, Қордың корпоративтік сайтын әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;

4) «Битрикс24» корпоративтік порталы, Қордың корпоративтік сайты бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша талдамалық және өзге де ақпаратты қалыптастыруға арналған құралдарды ұсыну.

5) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бизнес-процестердің формальды сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;

6) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;

7) ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;

8) «Битрикс24» корпоративтік порталымен, Қордың корпоративтік сайтымен жұмыс істеу бойынша Қор қызметкерлерін оқытуды және консультация беруді жүргізеді, жүйелермен жұмыс істеу бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жаңартылған функциялар бойынша оқыту жүргізу;

9) ұсынылған талаптарға сәйкес Қордың сайтын әкімшілендіру, толтыру;

10) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);

11) Департамент құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі-АЖ) құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес - процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;

12) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;

13) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;

14) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;

15) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

16) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;

17) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;

18) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;

19) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;

20) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;

21) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;

22) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;

23) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;

24) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;

25) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;

26) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;

27) Департаменттің, Қордың басшылығымен, Қордың ішкі құжаттарымен және Департамент туралы ережемен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;

28) Департамент басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

29) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу (бар болса):

1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;

2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;

3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.

Жалпы байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Эссе;

2) Әңгімелесу.


Дата начала приема документов: 21.11.2024 09:00:00
Ақпараттық технологиялар департаменті бизнес-процестерді автоматтандыру басқармасының жоба жетекшісі

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Білімі: Ақпараттық технологиялар немесе ақпараттық технологиялармен сабақтас/ математика/ экономика;

Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі.


Функционалдық міндеттері:
1) нәтижелерді болжау, жобаның мақсаты мен міндеттерін айқындау;
2) Департамент туралы Ережеге сәйкес ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалау қызметін ұйымдастырады;
3) жобаны құру және іске асыру жөніндегі процесті ұйымдастырады, жаңа жобаны дайындау, енгізу, басқару жөніндегі жоспарды әзірлейді, бақылау нүктелері мен орындалу мерзімдерін айқындайды, жобаның мерзімдерін бақылауды және сапаны бақылауды жүзеге асырады;
4) жоспардан ауытқуларды қадағалайды, жоспарға түзетулер енгізеді және оны жобаның барлық қатысушыларымен келіседі;
5) ресурстарды айқындайды (жоба командасын қалыптастырады, жоба командасының қатысушыларына қажетті кәсіби дағдыларды айқындайды, жоба командасын басқарады), олардың құнын қоса алғанда, жоба жұмыстарын орындау үшін талап етілетін ресурстарды бағалайды (қажеттілік бойынша), жобалау құжаттамасын қалыптастырады;
6) цифрлық даму министрінің бұйрығына сәйкес, Департамент құзыреті шегінде, басқа тараптар мен жобаны іске асыруға қатысушылар арасында Ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды, оның ішінде Қордың ақпараттық жүйелерін сынаудан өту уақытында "мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қызметкерлерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің 2019 жылғы 3 маусымдағы "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған "электрондық үкіметтердің" ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізудің әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" өз құзыреті шегінде жобаның әрбір қатысушысының жұмыс нәтижесін бірыңғай нәтижеге жеткізу;
7) жаңа жобаны енгізу үшін қажетті құжаттаманың дайындалуын, техникалық құжаттаманың уақтылы өзектендірілуін бақылауды бақылайды;
8) жобаның орындалуын және іске асырылу барысының мониторингін үйлестіреді, жобаға қатысушылармен техникалық тапсырмалар мен шарттарды (қажет болған жағдайда) әзірлеуді үйлестіреді;
9) жоба ақпаратын уақтылы жинауды, жинақтауды, сақтауды және кейіннен пайдалануды, жоба серіктестері арасында жобаның іс-шаралары мен нәтижелері туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді;
10) жобаның барлық қатысушыларына қажетті ақпаратты келісілген мерзімде беруді үйлестіреді;
11) әзірлеушілерге міндеттер қойылымдарын әзірлеуге қатысады (талаптарды, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерін, пайдаланушы интерфейсін ресімделген сипаттау) және олардың орындалуын бақылау;
12) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалды тестілеу нәтижелерін қоса алғанда, жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізеді;
13) ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізеді және оларды жоюға шаралар қабылдайды;
14) Қор функцияларын автоматтандыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ) ақпараттық жүйелерін модификациялау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ-ны пысықтау және модификациялау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
15) Департамент басқармасының құзыреті шеңберінде Ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеуге, өзектендіруге қатысады;
16) Қордың ақпараттық жүйелерін, ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыс кеңестеріне қатысады;
17) Қор басшылығының тапсырмасы бойынша Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қордың мүдделерін білдіреді және/немесе өкілі ретінде әрекет етеді;
18) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асырады;
19) қойылған міндеттердің, функциялардың, іс-шаралардың, тапсырмалардың белгіленген мерзімдерде уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
20) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсынады;
21) қорда қабылданатын нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың (нұсқаулықтардың, ережелердің, регламенттердің және т. б.) жобаларын дайындайды, әзірлейді, сондай-ақ оларды дайындауға басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп қатысады;
22) Қор Департаментінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарайды;
23) жоба басшысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды қарайды, келіседі, қол қояды, бұрыштама қояды;
24) Департаментке бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді (Бар болса):
- Департаментке бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаларды жібереді;
- қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жібереді;
- заңды сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады;
25) жобаны басқару тиімділігі индикаторларының мониторингін және қажетті өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
26) жобаның сапасын, тәуекелдерін, құнын, мерзімдерін, мазмұнын, коммуникацияларын басқарады;
27) жобаның нәтижелерін, оның ішінде жобалық құжаттарға сәйкес жобаның барысы туралы есептерді қалыптастырады және құжаттайды;
28) департамент директорының тапсырмасы бойынша қорда құрылатын жұмыс топтарының, комиссиялардың, комитеттердің және басқа да алқалы органдардың құрамында қатысады;
26) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
27) Департаменттің, қордың басшылығы, Қордың ішкі құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасы, Департамент туралы ереже жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Жалпы байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Эссе;

2) Әңгімелесу.


Дата начала приема документов: 21.11.2024 09:00:00
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу