1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Вакансиялар
Стань частью НАО «Фонд социального медицинского
страхования»
Уважаемые кандидаты! Добро пожаловать в раздел вакансий НАО «Фонд социального медицинского страхования». Здесь вы найдете отличные возможности для профессионального роста и развития. Приглашаем вас ознакомиться с нашими текущими предложениями.

Актуальные вакансии

Жоспарлау департаменті Медициналық көмекті жоспарлау басқармасының менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Білім: денсаулық сақтау / экономика / қаржы / маркетинг / менеджмент / математика / Ақпараттық технологиялар;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі.

Лауазымдық міндеттері:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық қызметтерді жоспарлауға байланысты жұмысты жүзеге асыру:медициналық қызметтерді жоспарлау үшін ақпарат жинау және алынған ақпаратты талдау:

1) медициналық қызметтерді жоспарлау үшін ақпарат жинау және алынған ақпаратты талдау;

2) ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде шығыстар көлемін және медициналық көмектің түрлерін жоспарлауға, түзетуге, нақтылауға байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру;

3) үш жылдық кезеңге және алдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыру, жоспарлы кезеңге түзету және нақтылау шеңберінде Қор филиалдарының жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарымен келісілген ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберіндегі медициналық қызметтердің болжамды көлемдерін уақтылы ұсынуына бақылау жүргізу;

4) Басқарманың құзыреті шеңберінде медициналық қызметтерді жоспарлау мәселелері бойынша жоспарлау процесіне қатысушылармен, құрылымдық бөлімшелермен және Қор филиалдарымен хат алмасуды жүргізу;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың Бюджет комитетінің отырысына материалдар дайындау;

6) құзыреті шеңберінде сатып алу жоспарын және оған өзгерістерді бекіту бойынша Басқарма отырысына материалдар дайындау.

2. Сатып алу жоспары шеңберінде медициналық көмекті жоспарлау әдістерін жетілдіру:

1) медициналық көмек көлемдерін жоспарлау процесінің әдістерін/әдістемелерін қалыптастыру және өзектендіру;

2) сатып алу жоспарына сәйкес ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді жоспарлау процесін автоматтандыруға жәрдемдесу.

3. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді жоспарлауға қатысты нормативтік құқықтық актілер мен Қордың ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеуге және/немесе келісуге және/немесе іске асыруға қатысу.

4. Басқарма қызметіне сәйкес іс-шаралар бойынша тиісті жылға Қордың Операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу.

5. Басқарма құзыреті шегінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыруға және (немесе) оларға қатысуын қамтамасыз ету.

6. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

7. Қордың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету.

8. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі актілеріне, Департамент туралы ережеге және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес Департамент директоры мен Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

9. Лауазымдық өкілеттіктерді орындау барысында алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеу және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпаратты талап етпеу.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Әңгімелесу (Департаменттің функционалдық бағыты бойынша сұрақтар).

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 26.06.2026 18:00:00
Жеке қауіпсіздік департаменті Экономикалық қауіпсіздік басқармасының аға менеджері (2 бос жұмыс орын)

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Салалардағы білім: экономика / құқықтану;

Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) ЖҚД туралы ережеге, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл регламентіне, Қордың сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес, ЖҚД-ға жүктелген міндеттемелер бөлігінде Қордың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша функцияларды, міндеттерді және жұмыстарды орындау;

2) экономикалық қауіпсіздік бағыты бойынша тиісті ақпаратты жинау, жүйелеу және өңдеу жөніндегі жұмысты жүргізу;

3) экономикалық қауіпсіздікке қатысты жобалық, зерттеу және өзге де мәселелерді қарау кезінде кеңестерге қатысу;

4) Қордың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, профилактикалық және бақылау іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ әдістемелік құжаттарды әзірлеу және Қордың экономикалық қауіпсіздігі бойынша жұмыс жүргізуде әдістемелік көмек көрсету;

5) Қордың құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерін экономикалық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытуды жүргізу;

6) Қордың жоспарларына енгізу үшін экономикалық қауіпсіздік құралдары мен тәсілдерін қамтамасыз ету және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) Қорда және оның филиалдарында штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде жымқыру фактілері, Қор жұмыскерлерінің тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері, үшінші тұлғалардың Қорға экономикалық зиян келтіруі және Қорға экономикалық зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін өзге де фактілер туындаған жағдайлар туралы Қордың ЖҚД басшылығын хабардар ету;

8) Қор жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қордың ішкі құжаттарын бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау;

9) Қор жұмыскерлеріне қатысты Қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, сондай-ақ:

-     қызметтік тергеп-тексеру материалдарын журналда тіркеу және тіркеу нөмірін беру;

-     қызметтік тергеп-тексеру материалдарын тігу, нөмірлеу, құжаттар тізімдемесін жасау және қол қою арқылы бекіту;

-     Жеке қауіпсіздік департаменті Экономикалық қауіпсіздік басқармасының жұмыскерлері жүргізген қызметтік тергеп-тексеру материалдарының есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;

10) өз құзыреті шегінде Қордың экономикалық қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу, медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу қорытындыларын жолдау, оның ішінде Қордың Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы органдарымен жасасқан меморандумдары шеңберінде, процестік және өзге де әрекеттерді жүргізу арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

11) Қордың сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

12) ЖҚД құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қордың тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау;

13) ЖҚД құзыретіне кіретін экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, Қордың ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ келісу;

14) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы ақпарат түскен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жүгіну;

15) қызметтік тергеп-тексерулер қорытындылары бойынша енгізілген ұсыныстардың орындалуына талдау және бақылау жүргізу;

16) Қор контрагенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу;

17) өз құзыреті шегінде Қор жұмыскерлері мен өнім берушілерінің Қорға қатысты сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттері фактілері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, хабарламаларын және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау;

18) өз құзыреті шегінде Қор жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

19) Қор жұмыскерлері жасаған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар, олардың заңға қайшы қызметке қатысуы, Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық белгілері мен фактілері туралы ақпарат дайындау;

20) Қордың құпия ақпараты туралы нұсқаулық, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл регламенті, Қордың сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты және Қордың өзге де ішкі құжаттары бойынша Жеке қауіпсіздік департаментіне жүктелген міндеттемелер бөлігінде жұмыстарды, іс-шараларды және талаптарды орындау;

21) лауазымдық өкілеттіктерді орындау кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпаратты ұсынуды талап етпеу;

22) Қордың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді, жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты орталық аппараттың және Қор филиалдарының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жеткізуді, оларды қолдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың ішкі құжаттарын уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету;

23) Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі актілеріне, Департамент туралы ережеге және осы лауазымдық міндеттерге сәйкес орындау.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Әңгімелесу.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 26.06.2026 18:00:00
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу