Вакансиялар
Артқа
Артқа

Вакансиялар

Стань частью НАО «Фонд социального медицинского
страхования»
Уважаемые кандидаты! Добро пожаловать в раздел вакансий НАО «Фонд социального медицинского страхования». Здесь вы найдете отличные возможности для профессионального роста и развития. Приглашаем вас ознакомиться с нашими текущими предложениями.

Актуальные вакансии

Астана қаласы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: облыстардағы білім: гуманитарлық/ құқықтық/экономикалық/ медициналық/ коммуникация саласындағы
Жұмыс тәжірибесі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
Басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.


Функционалдық міндеттері:

1. ТМККК және МӘМС мәселелері бойынша халық пен денсаулық сақтау ұйымдары арасында консультативтік және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
2. Қор белгілеген талаптар бойынша халықты ақпараттандыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдары бойынша есептілікті қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды ұйымдастыру.
3. Әртүрлі мақсатты аудиториялар үшін коммуникациялық жұмыс жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
4. Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жіберілетін Қор филиалының атынан сұрау салу жобаларын жасау;
5. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетушілердің медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері мен шағымдарын уақтылы өңдеуді ұйымдастыру;
6. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері мен шағымдарын қарау;
7. МӘМС жүйесіне халықтың тартылу мониторингі;
8. Жергілікті және өңірлік мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен сақтандыру мәртебесін өзектендіру бойынша өзара іс-қимыл жасау;
9. Жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
10. Коммуникациялық жұмыстарды жоспарлау мен іске асыруды үйлестіру.
11. Қор мен басшылықтың оң имиджін қалыптастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындау, Қажетті коммуникация арналарын айқындау, қор мен басшылықты теріс қабылдауға жол бермеу бойынша БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау.
12.Іс-шараларды ұйымдастыруды, медиа қоғамдастықпен байланыстарды, имидждік қызмет шеңберінде мемлекеттік органдармен жұмысты, контент сапасын өндіру мен бақылауды, дағдарысқа қарсы коммуникацияларды қоса алғанда, коммуникациялық жобаларды іске асыруды үйлестіру.
13. Қордың қызметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
14. Қордың қызметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызметтер берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
15. Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы хабарлама беру;
16. Қордың қызметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін)
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Эссе.

2) Әңгімелесу.

Дата начала приема документов: 27.03.2025 09:00:00
Астана қаласы бойынша филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелердің мониторингі бөлімінің бас сарапшысы

Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: денсаулық сақтау/экономика/қаржы "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білімі бар кандидаттар үшін соңғы 5 (бес) жыл ішінде міндетті біліктілікті арттыру;

Жұмыс өтілі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.


Функционалдық міндеттері:
1.Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмектің сапасы бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына уақтылы мониторинг жүргізу:
1) ағымдағы (жоспарлы);
2) мақсатты;
3) жоспардан тыс;
4) проактивті;
өлім және өлім жағдайлары.
2. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастыру;
3. ИСМ-де сапаның перекресттік мониторингін жүргізуді бақылау, сапа мониторингіне жататын келіп түскен жағдайларды МКМСБ қызметкерлері арасында бөлу;
4. Қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі – медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша тізілімдерді қалыптастыру 4, 5, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 16, 17, 19 және 20 мониторинг ережелеріне.
5. Мониторинг қағидаларына 6, 9, 12, 15, 18 және 21 – қосымшаларға сәйкес медициналық көмектің белгілі бір түрлері және медициналық қызмет түрлері (бұдан әрі-медициналық көмек және қызмет түрлері) бойынша актілерді қалыптастыру.
6. Қызымет берушілердің қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындауы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу.
7. Сараптамалық кеңестің отырысына материалдар дайындау.
8. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу үшін Қор пайдаланатын ақпараттық жүйелерден кіріс және шығыс деректерінің дұрыстығына мониторинг жүргізу;
9. Сұраныс бойынша жетекшілік ететін Департаментке жедел ақпаратты уақтылы ұсыну;
10. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қарау;
11. Медициналық көмектің сапасы мен көлемінің мониторингі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және әзірлеуге қатысу;
12. Медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысу;
13. Медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысу;
14. Қордың қызымет берушілерінің шарттық міндеттемелерін орындау мониторингі (бар болса);
15. Қордың қызыметтер берушілері шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, қызыметтер берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізу, осы фактілерді заңдық сүйемелдеу департаментімен келісу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
16. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;
17. Қор қызыметтер берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (сатып алу бастамашысы-құрылымдық бөлімшелер үшін);
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың филиалы туралы ережеге, Қордың ішкі актілеріне сәйкес Қор басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) Әңгімелесу (Бөлімнің функционалдық бағыты бойынша сұрақтар).

Кандидаттар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Дата начала приема документов: 27.03.2025 09:00:00
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу