2026 жылғы 19 маусымда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да Қоғамдық-консультативтік кеңестің жаңартылған құрамдағы алғашқы отырысы өтті. Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Қоғамдық-консультативтік кеңес жыл сайын қалыптастырылады және оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі мақсаты – Қор, медициналық және сарапшылық қауымдастық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері ҚКК төрағасы мен төраға орынбасарын сайлады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Константин Авершин Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы болып сайланды. Ал «Алматы клиникалары қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Расул Дюсенов төрағаның орынбасары болып сайланды.
Сондай-ақ қатысушылар ҚКК-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қарады. Талқылау барысында МӘМС жүйесін нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру, медициналық көмекті қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, тарифтік саясатты дамыту, процестерді цифрландыру, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтау мақсатында «Реттеу», «Қаржы» және «Цифрландыру» бағыттары бойынша салалық жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды. Бұл формат өзекті мәселелерді сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдерінің қатысуымен неғұрлым нақты әрі мазмұнды қарауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасы Гульмира Сабденбек қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және цифрлық шешімдерді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты процестердің ашықтығын арттыру және медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайту екенін атап өтті.
«Біз үшін дәрігерлердің өздерінің негізгі миссиясы – пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге барынша көңіл бөлуі маңызды. Ал медициналық қызметтерді бақылау, қаржыландыру және төлеу процестері түсінікті, автоматтандырылған әрі ашық болуы тиіс», - деді Гульмира Сабденбек.
Қор өкілдері Қоғамдық-консультативтік кеңес кері байланысты қамтамасыз ететін және ортақ шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретін маңызды тетік екенін атап өтті. Кеңестің қызметі МӘМС жүйесін дамыту және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарау кезінде медициналық қауымдастықтың, сарапшылар мен жұртшылықтың пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

23.06.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
«KASPI BANK» АҚ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА МӘМС МӘРТЕБЕСІ БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМАЛАР СЕРВИСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қор халықтың ақпараттандырылуын арттыру және МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы халықпен кері байланыс орнату бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
22.06.2026
КӨПЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕГІ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ ҮШІН: ҚОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Медицина қызметкері күні қарсаңында ӘМСҚ қызметкерлері көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
19.06.2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: QALQAN АШЫҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы қаржы ағындарын басқарудың кешенді цифрлық моделіне көшуде.
28.05.2026