Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықтың ақпараттандырылуын арттыру және МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы халықпен кері байланыс орнату бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Банк мобильді қосымшалары арнасы өзінің кең танымалдылығы, қолайлылығы, кең функционалдық мүмкіндіктері және төлемдерді қосымша арқылы тікелей жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты таңдалды.
Мәртебе туралы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МӘМС жүйесіндегі төлемдердің өткізіп алынуы кезінде клиенттерге push-хабарламалар жолдау сервисі іске асырылды.
Аталған сервис азаматтарды сақтандырылған мәртебесін жоғалту қаупі және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтау үшін қажетті шараларды қабылдау қажеттілігі туралы уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, маусым айында сервисті енгізу жөнінде «Kaspi Bank» АҚ-мен Меморандумға қол қойылды. Келісімді іске асыру аясында сервисті тұрақты негізде кейіннен іске қосу мақсатында тараптардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аталған сервис үш банкпен жүзеге асырылғанын атап өтеміз: «Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ.
Хабарламалар банк мобильді қосымшалары арқылы ай сайын алушылардың келесі үш санатына жіберіледі:
• «медициналық қызметтерді тұтынушы емес (сақтандырылмаған)» мәртебесіндегі тұлғаларға;
• келесі айда сақтандырылған мәртебесінің мерзімі аяқталатын тұлғаларға;
• соңғы өткен ай үшін төлемі жоқ тұлғаларға.
Сервисті енгізудің негізгі мақсаты МӘМС төлеушілерінің құқықтарын сақтандыру мәртебесі туралы уақытылы хабардар ету арқылы қорғау және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмекке үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

22.06.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: QALQAN АШЫҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы қаржы ағындарын басқарудың кешенді цифрлық моделіне көшуде.
28.05.2026
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026