ҚОРДА ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ЖҮРГІЗГЕН АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЙТА ТҮСІНДІРДІ
Жоғары аудиторлық палата анықтаған 34 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтар рәсімдік сипатта әрі егжей-тегжейлі құқықтық бағалауды қажет етеді. Анықталғандардың біршама бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Үкімет сағатынан кейін мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша кезекті рет түсініктеме берді.
ӘМСҚ-да атап өткендей, Жоғары аудиторлық палата 2022–2023 жылдардағы Қор мен оның төрт филиалының қызметін медициналық көмек көлемін бөлу тиімділігін және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында тексерді. 3,8 трлн теңге сомасына 770 млн медициналық қызмет қамтылды.
«Аудит барысында 56 млн теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл Қордың қызметіндегі емес, жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі, медициналық қызметтер көрсету және қаржыландыру кезінде жіберілген бұзушылықтар. Бұл сома аудиторлық іс-шара барысында өтелді», – деп Қорда түсіндірді.
«Сондай-ақ, Жоғары аудиторлық палата денсаулық сақтау субъектілері жіберген және 34 млрд теңге сомасына ықтимал шығындар мен жіберілген пайдаға әкелген рәсімдік бұзушылықтарды анықтады. Бұл ақпараттық жүйелерден деректерді жүктеу негізінде анықталған шартты сәйкессіздіктер, олар бойынша медициналық көмек жеткізушілерін мұқият тексеру және одан әрі құқықтық бағалау қажет. Бұдан бөлек, жауапкершілік дәрежесін анықтап, олардың әрекеттері/әрекетсіздіктерінің қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін белгілеу және анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау қажет», – деп Қорда атап өтті.
Жоғары аудиторлық палата анықталған бұзушылықтар бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына одан әрі қарау және шаралар қабылдау үшін берді.
Аудит нәтижелері бойынша барлығы 20 ұсыным әзірленді, оның ішінде ҚР Үкіметіне – 3; Денсаулық сақтау министрлігіне – 11; Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – 6.
Қор қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындауды жалғастырып, өз қызметінің тиімділігін арттыру және МӘМС жүйесін жақсарту бойынша шаралар енгізуде.

Еске салайық, аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі бұған дейін Қордың ресми сайтында жарияланған болатын. Онда аудиттің негізгі қорытындылары, анықталған бұзушылықтар, ұсынымдар, сондай-ақ бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар толық баяндалған.
27.01.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
МӘМС КЕҢЕСШІЛЕРІН АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ДАЙЫНДАЙДЫ
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
19.03.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда.
Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025