Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша миллиондаған сыйақылар мен бонустар алды деген ақпарат жарияланды. Қорда 2022 жылы басқарма мүшелері қандай төлемдерді және қанша мөлшерде алғанын түсіндірді.

Қорда атап өткендей, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры Басқармасының әрбір мүшесінің, оның ішінде төрағаның сыйақы мөлшері Үкімет Қаулысымен 10 ЕТЖ (2022 жылы 600 мың теңге) шектелген. Бұл бір жыл ішінде бір басқарма мүшесіне сыйақы ретінде төлеуге қарастырылған сома. Басқарма мүшелері басқа сыйақы алған жоқ.

«ӘМСҚ топ-менеджерлеріне бонустар мен миллиондаған долларлық бонустар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қордың жылдық есебінде көрсетілген 93,8 млн теңге сома 2022 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мүшелерінің (соның ішінде төрағаның) жалақысы, жоғарыда көрсетілген сыйлықақылары, демалыс және емдік төлемдерінің сомасы кіреді», - деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Директорлар кеңесі Қордың Басқарма төрағасының жалақысының шекті мөлшерін белгіледі. Қазіргі басқарма басшысының жалақысы – ең төменгі белгіленген деңгейде, таза қолға 1,39 млн теңге алады.

18.10.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЧТО ДАДУТ ИЗМЕНЕНИЯ В ЗАКОН ОБ ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы жүйеге қалай әсер ететіні жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді.
14.07.2025
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу