1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

2020 жылдың 10 айында Қазақстан халқына 20,9 млрд теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 6 715 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, нейрохирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды.

Емделген жағдайдың орташа құны-3,1 млн теңге.

«Айта кету керек, ЖТМҚ-ның 78 түріне қала тұрғындары да, шалғай ауылдар да бірдей қол жеткізе алады. Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді», – деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы №9 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Айгүл Әбікеева айтып берді.

Сарапшы «Егер адам өзін жайсыз сезінсе, ол учаскелік терапевтке жүгінуі керек, ол оған диагноз қойып, одан әрі тексерулерге және мамандандырылған мамандармен кеңесуге жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді», – деп атап өтті.

Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖИМҚ алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. 2020 жылы ӘМСҚ осы қызметтердің 559 жеткізушісімен шарттар жасасты.

Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.

30.11.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу