Жаңалықтар
2024 ЖЫЛЫ ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРҒА ШАЛДЫҚҚАН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР АЛУҒА 73,5 МЛРД ТЕҢГЕ ЖОСПАРЛАНДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында орфандық аурулармен ауыратын пациенттерге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қалай жүргізілетінін айтып берді. Олар 2018 жылы 9 нозология бойынша берілген болса, ал 2024 жылы тегін дәрілермен қамтамасыз ету үшін нозологиялар тізбесі 26-ға дейін өсті.
19.09.2024
ӘМСҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙДАҒЫ ҚОР ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Әбілқайыр Сқақов Қордың негізгі бағыттары бойынша қызметіне қорытынды жасады әрі қысқа мерзімді жоспарлары туралы хабарлады. Қоғамдық кеңес төрайымы Надежда Петухова Қордың атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Есепті кездесуге денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.
11.09.2024
ҚОР МЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» КЛИЕНТТЕРІ ЕНДІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАТЫН БОЛАДЫ
Халықпен байланыс арналарын кеңейту аясында Қор Еуразиялық банкпен МӘМС туралы ақпарат алу үшін банктің мобильді қосымшасында сервистерді құру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
09.09.2024
ҚОР САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ПОРТРЕТІН ӘЗІРЛЕДІ
Еліміздегі 20 млн тұрғынның 3,4 млн-ы сақтандырылмаған. Олардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды.
04.09.2024
ЕМХАНАЛАР «МСАК КӨШБАСШЫСЫ» АТАҒЫ ҮШІН СЫНҒА ТҮСЕДІ
1 қыркүйекте еліміздің әр өңірінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында ауқымды байқау басталды.
03.09.2024
ҚОРДА ҚОСТАНАЙ АУРУХАНАЛАРЫНА ҚАРЫЗДАРҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлім еткендей, Қостанай облыстық балалар ауруханасымен 2024 жылға 2,4 млрд теңге көлемінде келісімшарт жасалды, оның ішінде ТМККК – 492 млн теңге, МӘМС – 1,9 млрд теңге. Жыл басында Қормен келісімшарттың жылдық сомасының 36,8% мөлшерінде аванс төленді (884 млн теңгеден астам).
30.08.2024