«Балаларға импланттар мен брекеттерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен орнататын пилоттық жоба» басталғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. МӘМС жүйесінде балаларға тек жедел және жоспарлы түрде бірқатар стоматологиялық қызметтер, соның ішінде ортодонтиялық көмек қана қарастырылған.
Ақпараттық кеңістікте Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазіргі уақытта мұндай жобаның іске қосылмағанын ресми түрде хабарлайды.
«Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегіне халықтың белгілі санаттары қол жеткізе алады. Атап айтқанда, балалар жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады. Оларға күрделі тісжегіні, пульпитті және периодонтитті емдеу, тіс түбірін пломбалау, тіс жұлу, абсцессті ашу, пластикалық операциялар, пародонт қалталарын санациялау, сондай-ақ алдын алу шаралары - фиссураларды герметизациялау, реминерализация, миотерапия және басқа да қызметтер кіреді. МӘМС жүйесі бойынша сондай-ақ ортодонтиялық көмекті де алуға болады. Ортодонтиялық көмек жақ-бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, тіс-жақ аномалиялары бар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі», – деп мәлімдеді Қордың баспасөз қызметі.
Аталған қызмет тізіміне ортодонт кеңесі, туа біткен жақ-бет патологиясы бар балалар үшін ортодонтиялық пластинканы қолдана отырып тіс-жақ аномалияларын түзету, ортодонтиялық коррекция, кешенді бастапқы тексеру, тіс қалыбын алу, сүт және тұрақты тістерді тегістеу, сондай-ақ ортопантомография кіреді.
Туа бітті және жүре пайда болған жақ-бет аймағының деформациялары бар балаларға медициналық көмек стоматолог дәрігердің көрсетілімдері бойынша амбулаториялық жағдайда немесе стоматологиялық және жақ-бет хирургиясы қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдарда бет-жақ хирург-дәрігері тарапынан көрсетіледі. Барлық аталған қызметтер МӘМС аясында ұсынылады.
Еске саламыз: Жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер ала алады.
Жедел стоматологиялық көмек төмендегі санаттарға көрсетіледі:
• балаларға;
• жүкті әйелдерге;
• зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлеріне;
• 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
• атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
• жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге;
• мүгедектігі бар баланы немесе І топ мүгедегін күтетін жұмыс істемейтін тұлғаларға;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға.
Бұл ретте жағдайдың жедел санатына жатқызылуы, оның ішінде қатты ауырсынудың бар-жоғы – пациенттің жағдайына жүргізілген клиникалық бағалау негізінде стоматолог дәрігердің қабылдайтын шешіміне байланысты.

04.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026