Артқа
Артқа

МӘМС жүйесінің бірінші айының қорытындылары

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындылары туралы хабарлады.

Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.

Халықпен байланысты қамтасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қордың 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97% консультативтік сипатта және 3% шағымдар.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90% астамы (17 млн адам) МӘМС қатысушылары болды. Оның ішінде 11 млн-ға жуық адам - бұл 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, ал олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады.

2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна мемлекет есебінен түсті-24 млрд теңгеден астам (азаматтардың жеңілдігі бар санаттары үшін).

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 258 медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасады, оның ішінде 657 медициналық ұйым мемлекеттік меншікте (52%) және 601-і жеке меншік (48%).

2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер (мамандардың кеңесінсіз) 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 27% - ға өсті. Оның ішінде КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54% – ға, УДЗ-21% - ға артты. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерінің барлық түрлері мен бейіндері бойынша 48% - ға өсуі байқалады, оның ішінде невралгия (инсульт) бейіндері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 3,2 есе өсті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуімен денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады.

Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.

20.02.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ЯНВАРЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
11.02.2025
КАК БЫСТРО ПРОВЕРИТЬ СТАТУС В ОСМС
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
06.02.2025
СКОЛЬКО ПОСТАВЩИКОВ БУДЕТ ОКАЗЫВАТЬ МЕДУСЛУГИ В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды.
31.01.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу