Артқа
Артқа

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын наурыз айының басынан бері мыңнан астам азамат жүктеген

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын іске қосты.

«Кері байланыстың бұл түрі қазір үлкен сұранысқа ие, өйткені көптеген адамдарға 1406 байланыс орталығына қоңырау шалып, операторға сұрақ түсіндіруден гөрі жолданымды электронды түрде қалдыру ыңғайлы. Өтінімдер ұқсас қағида бойынша өңделеді, олардың барлығы тіркеу нөмірімен бірге тізілімге енгізіледі. Өтініш берушінің қосымшадағы аккаунттына белгіленген мерзім ішінде жауап беріледі. Бізге проблемалар туралы тікелей ақпарат алу үшін халықты әртүрлі байланыс арналарымен қамтамасыз ету өте маңызды», – деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері (наурыз айының басынан бастап) оны 1000-нан астам қолданушы жүктеп алған. Осы арна арқылы 150-ге жуық жолданым келіп түсті, олардың көпшілігі консультативтік сипатта.

Айтып кетейік: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың 1406 Бірыңғай байланыс орталығына 50 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың тек 2,6% -ы шағымдар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың жолданымдарын үнемі қадағалап отырады, жүйелі шешімдерді қарау және қабылдау үшін апта сайын өзекті сұрақтар жинақталады.

Сондай-ақ, пациенттер Қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтардың қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады.

Анықтама

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 1406 Бірыңғай байланыс орталығы 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді. Жолданымдарды өңдейтін үш деңгейлі жүйе әзірленді. Қоңыраулардың 97,4% бірінші деңгейде жабылады. Қалғаны бейінді департаменттерге жіберіледі.

11.03.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу