Жаңалықтар
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚАТЫСТЫ РЕСМИ ШАҒЫМДАРДЫҢ 35 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫН ШАҒЫМ БЕРУШІЛЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛҒАН
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 301,4 мың өтініш, оның ішінде шамамен 13,4 мың шағым келіп түсті. Алайда өтінім берушілердің үштен бірі шағымдарын қайтарып алады. Әлеуметтік желілерде шағым қалдыру туралы айтсақ, бұл ресми байланыс арнасы болмағандықтан, Қор мамандары мұндай хабарламалар негізінде тексерулер жүргізе алмайды. Осыған орай, тиісті шаралар қабылдануы үшін азаматтардан ресми сауал жолдауын сұраймыз.
11.09.2023
САТЫП АЛУ ҮДЕРІСТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАНЫН ҚОР БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АЙТЫП БЕРДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыашықтығын қамтамасыз ету үшін процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның ішінде шарттар жасасу және жүргізу процестерін цифрландыру, көрсетілген медициналық көмек көлемі үшін ақы төлеу жобасы бойынша жұмыс басталды. Бірінші кезең 2024 жылы аяқталады.
06.09.2023