«Қорға халықтан сұрақтар мен шағымдар түсуді жалғастыруда. 1406 колл - орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram қосымшасындағы Saqtandyry-Bot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің блогы мен Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 250 мыңнан астам өтініш келіп түсті», - деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов хабарлады.

Ол түсіндірулер мен консультацияларды талап ететін мәселелер бұрынғысынша басым екенін нақтылады - бұл 233 мың өтініш. Бұл ретте халықтың Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігіне шағым беру үрдісі сақталуда.

2021 жылдың 1 тоқсанында халықтан барлығы 2475 шағым түсті. ТОП-5 шағым медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдау (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау  (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелерін құрайды.

«Қор тарапынан медицина қызметкерлері үшін оқыту онлайн семинарларын өткізу, олардың білімін өлшеу арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша жұмысты арттыруға жеткізушілермен өзара іс-қимыл және ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, оларды кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сонымен қатар, ӘМСҚ басшысының пікірінше, пациенттер денсаулық сақтау қызметтеріне аса талап қоя бастады және МӘМС жүйесіне көбірек тартылды, бұған сақтандырылғандар мәртебесінде медициналық көмек алуға қатысты мәселелер мен өтініштер санының өсуі дәлел.

Алайда, Қор басшысының пікірінше, медициналық ұйымдардың өзінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қою, өзінің бекітілген халқының мұқтаждықтарына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиесілі көмек ала алмағандықтан Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе Денсаулық сақтау басқармасына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауды іздеуге мәжбүр.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу