Артқа
Артқа

700-ден астам жеке клиникалар ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы 1389 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның жартысынан көбі – жеке меншік ұйымдар. Биыл халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн теңге қарастырылған, мұның ішінде МӘМС жүйесінде 838 млрд теңге қарастырылған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «Ақша науқастың соңынан жүреді» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың көрсетілетін қызметтеріне өнім берушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар бейінді маманының жолдамасы болуы қажет.

«Қажетті медициналық қызметті алу үшін Қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез келгенін таңдауға болады. Қор өнім берушілерінің арасында жеке клиникалар үлесі басым екенін атап өткіміз келеді – 717 медициналық ұйым. Бұл Қордың барлық өнім берушілерінің 50% - дан астамы. Азаматтардың мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақылы негізде емес, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Науқастардың алған қызметтері үшін төлемді Қор жүргізеді», – деп Қордың Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан атап өтті.

Сондай-ақ, Қорда тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс екенін түсіндірді. Немесе пациент осы қызметті көрсететін Қордың өнім берушілері ішінен медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.  

Қазіргі уақытта 1 389 медициналық ұйым ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге Қордың тікелей өнім берушілері болып табылады.

Ең көп тіркелген өнім берушілер амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды алмастыратын көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша.


Қор сайтында өнім берушілер тізімін қалай пайдалануға болады?

Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде келесі сілтеме бойынша ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/. Тізімдерде Сіз өзіңіздің тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтеріне өнім берушілердің тізбелері, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге өнім берушілердің тізбесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

 Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсету бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және Ішкі аудит қызметіне немесе сізге ыңғайлы келесі байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

22.02.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ФЕВРАЛЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда. Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу