1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам. МӘМС жүйесінен 2,9 млн қазақстандық тыс қалғаны туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

«Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынды, бірақ олар тұрақты емес, соның салдарынан берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп болды – 1 428 мың адам, - деді Б.Төкежанов.

Қор басшысы ШОБ қызметкерлерінің тізімін өзектендіру мәселелері қалып отырғанын атап өтті. Өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын.  МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сәйкестендіру үшін ШОБ ұйымдары сақтандыру мәртебесін қамтамасыз ету үшін оларды дерекқорға енгізу қажет болды.

«Қазіргі уақытта жарналарды төлеуден босатылған жұмыс берушілердің шамамен 20%-ы (61 233 ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Осыған байланысты аталған қызметкерлерде сақтандырылу мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеулі.  Жұмыс берушілерді өз қызметкерлері үшін жауапкершілік танытуға және Қордың ақпараттық жүйесіне олардың деректерін енгізуге шақырғым келеді. Қор өз тарапынан шағын және орта бизнес өкілдерімен өңірлер әкімдіктері мен салық органдары арқылы нақты жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сондай – ақ, спикер МӘМС жарналары мен аударымдары түрінде 1 тоқсанда 183 млрд теңге түскенін хабарлады. Түсімдердің ең көп сомасын мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52% құрады. Осылайша, мемлекет бұрынғысынша халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін сақтайды. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) құрады.  Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады.

Қор басшысы МӘМС жүйесіне төленетін төлемдердің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені (айына 2125 теңге) құрайтынын еске салып өтті, бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКО қоса алғанда, ТМККК және МӘМС екі пакетіндегі медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні нақты айтылды.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу