Емделушілердің оқиғалары

Қарасай ауданының 64 жастағы тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл — жүректе қан айналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Жүрек соғысының бұзылуы анықталып, дәрігерлер кеңесінен кейін ота жасау туралы шешім қабылданған.

«Науқаста жүректің соғысы күндіз 150-160-қа дейін барып, ал түнгі уақытта 25-ке дейін түсті. Сол себептен біз күрделі отаға кірісіп, электрокардиостимулятор құрылғысын орнаттық. Қазіргі таңда азаматтың жағдайы жақсы. Жалпы, ауданда кардиология бөлімі 2022 жылдан бері толық жұмыс істейді. Мұндай оталарды жүргізу үшін мекеме ангиограф аппараты сынды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл біздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері жеткен үлкен жетістіктеріміздің бірі», - дейді кардиолог-дәрігер Орынбасар Тайманұлы.

Айта кетерлігі, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасына 284 мыңнан астам адам тіркелген. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Төсек-орын саны 500-ден асады. Былтыр барлық органдар мен тіндерге арналған бағдарламалық жасақтамасы бар соңғы үлгідегі 1 миллиард теңге тұратын МРТ аппараты орнатылған. Бұл өзге ірі қалаларға жолдамамен жіберілетін тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды. Енді мұндай зерттеу аудан орталығында қолжетімді.

«Жыл басынан 26 мыңға жуық науқасты емдедік. Хирургиялық араласулар мен медициналық қызметтердің жаңа түрлері енгізілді. Олардың қатарында коронарография, коронарлық артерияларды стенттеу, электрокардиостимулятор орнату, жамбас буынын, тізе буынын протездеу, артроскопиялық операциялар,миға, омыртқаға нейрохирургиялық операциялар, гемодиализ, лапароскопиялық операциялар бар. Сонымен қатар, тромбэктомиялар, перифериялық тамырларға операциялар спектрі кеңейді», - дейді Қарасай аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Дәулет Ерболұлы.

Денсаулық сақтау жүйесінің дами түсуі халықтың сапалы қызмет алуына жол ашты. Көрсеткіштерге сүйенсек, нәресте өлімі азайып, қан айналымы жүйесі аурулары, жарақаттардан болатын өлім-жітім статистикасы да төмендеп отыр. Айта кетерлігі, Қарасайдың шалғай ауылдарында тұрғындар үшін медицина қолжетімділігі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл Абай және Үштерек ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Алда қолданысқа беріліп, ел игілігіне қызмет етеді деп күтілуде. Бұл ғана емес, келер жылы Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қазынадан қаражат қарастырылып жатыр. Көлащы, Шалқар, Бекболат, Ұлан, Бұлақты ауылдарының азаматтары үшін де қуаныш күндері алыс емес. Алда аталған елдімекендерде мединалық нысандар ашылады деп күтілуде.
13.08.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының дәрігерлері ауыр көз жарақатын алған азаматқа сәтті ота жасап, оның көру қабілетін сақтап қалды.
10.06.2025
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
Несчастный случай произошел с 13-летним Динмухамедом Алимовым. Мальчик упал на бордюр, получив тупую травму живота.
03.06.2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды.
03.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу