Артқа
Артқа

Жиі кездесетін сұрақтар

1. Пациенттің шетелге емделуге өз бетінше шығуы жағдайында шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеуге бола ма?
Жоқ, "Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емдеуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №ҚР ДСМ – 45 бұйрығына сәйкес, шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге кететін адамдар мемлекеттік бюджет есебінен шығындарды өтеуге құқығы жоқ.
2. Егер дәрі-дәрмектер болмаса, қайда баруға болады?
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша "СК-Фармация" байланыс орталығына 1439 (ұялы және қалалық нөмірлерден)қоңырау шалуға болады; сондай-ақ, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына" 1414 нөмірі бойынша (ұялы және қалалық нөмірлерден) жүгінуге болады.
3. Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?
Емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығына)тіркелу қажет; 2) Пациент әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру бойынша диспансерлік есепте тұруға тиіс; 3) тегін рецепт алу үшін сіз өзіңіздің учаскелік терапевтіңізге хабарласуыңыз керек..
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу