Артқа
Артқа

Жиі кездесетін сұрақтар

1. Тіркеу бөлімінің жұмысы қай бұйрықпен реттеледі?
Тіркеу орнының жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартымен регламенттеледі
2. Қай бұйрықта КДУ жоспарының 50%-ын бірлесіп орындауға жұмсау керек деп айтылған? Перевод на английский:
Сатып алу қағидаларында 62 - тармақта КДУ қызметтерін бірлесіп орындауға беру көлемі жазылған, онда халқы 30 000 және одан жоғары МСАК субъектілеріне шарттың жалпы сомасынан аудандық ұйымдарға - 60% және қалалық ұйымдарға-50% беріледі.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 "ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы"бұйрығы
3. Балалар контингентінің профилактикалық тексерулері қай бұйрық бойынша жүргізіледі?
Балаларды кәсіби тексеруден өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы"
4. Анте- және постнатальды бақылау бойынша тексеру тізбесі қай бұйрықта бекітілген?
Қазақстанда антенатальды және босанғаннан кейінгі бақылау бойынша тексерулер тізбесі ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы"
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу